пыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек,
ой нақты, дәл, түсінікті берілуі қажет.
Әр функционалды стильдің түрлері, ең бастысы, бір-
бірінен таза лингвистикалық белгілерімен ерекшеленеді. Бұл
жерде әр функционалды стильге тән белгілерді анықтауда олар-
ға қатысты тілдік нормалармен бірде байланыстыра, бірде ажы-
рата қарау керек сияқты. Мысалы,
біріншіден, екіншіден, әрине,
сонымен, біздіңше, пәленшенің айтуынша,
ал сияқты қыстырма
сөздер басқа стильдерге
қарағанда ғылыми стильде, публицис-
тикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән белгілер. Бірақ
өзге стильдерде қолданылмайды деуге болмайды, әсіресе, көр-
кем әдебиет стилінде көрсетілген қыстырмалар орын алуы мүм-
кін. Немесе заң, сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде
сөздер негізінен тура мағынасында жұмсалады, бұл үлгілерде
сөздердің көріктеуші, сипаттаушы
қатарлары қолданылмауға
тиіс.
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыла-
тындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы ғылыми жазба-
лардың стильдік белгілері әрі нормалары болып келеді.
Ал көркем әдебиет стилінде нормадан тыс бірқатар лек-
сикалық, грамматикалық тұлға-бірліктер эстетикалық мәнде
жұмсалып, көркемдік қызмет атқарады. Мәселен, диалектизмдер
мен
көнерген сөздерді, қарапайым бірліктер мен жаргондарды,
сирек қолданыстағы элементтерді, өзге стильдің элементтерін
еркін жұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуни-
кативтік емес, эстетикалық функцияны да қоса атқаратын-
дықтан, өзге стильдерден оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен
болар, кейбір зерттеушілер көркем
әдебиетті функционалды
стильдер қатарына қоспайтын-ды.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен айы-
рым белгілері көрсетіліп, ғылымда біршама айқындалып келеді.
Ол белгілерді қазақ тілін зерттеушілер орыс тіл білімінің таным-
түсініктеріне сүйене отырып атап көрсетеді. Бұған, біріншіден,
тіл-тілдегі функционалды стильдер табиғатының, қызметінің
ұқсас, ортақ құбылыс екендігі негіз болса, екіншіден, ресми іс
қағаздарының,
ресми ақпарат материалдарының, ғылыми әде-
биеттердің, көптеген мектеп оқулықтарының күні кешеге дейін
көбінесе орыс тілінен аударылып, ұсынылып келгені себепкер
болды.
Кеңсе іс қағаздарының стильдік белгілері өзгелерден мүл-
дем ажыратылып көрінеді, мұнда шаблон құрылымдар мен стан-
дарт тілдік бірліктер орын алады, лексикалық норма қатаң сақ-
талады, көріктеу тәсілдерінің жұмсалуына,
сөздің ауыс мағы-
нада келуіне жол берілмейді. Әсіресе заң-қаулы, ереже сияқты
ресми құжаттардың тілдік белгілері берік әрі тұрақты болуы
шарт. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы – функционалды
стильдердің әрқайсысының тілдік белгілері және соларға орай
қалыптасатын стилистикалық нормалары туралы қысқаша
түсінікті білдіреді. Ал әрбір стильдің
өз ішінен мазмұндық-
жанрлық бөліністеріне қарай және функционалдық сипатына
орай түрлерін саралап, әрбіреуіне тән шағын белгілерін көрсету
– алдағы ғылыми ізденістердің нысаны болмақ.
Тілдің
Достарыңызбен бөлісу: