Функционалды стиль
ұғымы – қазіргі стилистикадағы
негізгі категория. Функционалды стильдер тілдің қолданысы-
мен, қызмет ету ерекшеліктерімен тікелей байланысты, яғни
шынайы қарым-қатынаста, сөйлеу актісінде, мәтінде көрінеді.
В.В.Виноградов жоғарыда көрсетілген еңбектерінде функцио-
налды стиль жөніндегі өзіндік ой-пікірін былайша тұжырым-
дайды: «Стиль – бұл жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің бел-
гілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрып-
талып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабыл-
данған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен
жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет
атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұ-
рады».
Функционалды стиль, функционалды стилистика
термин-
дері – орыс тіл білімі зерттеушілерінің танымынан туындап, қа-
лыптасып орныққан атаулар. Тіл білімінде функционалды
стиль мәселелерімен айналысқан ғалымдар В.Виноградов,
Г.Винокур, Л.Щерба, Б.Ларин, Р.Будагов, М.Кожина «функцио-
налды стильді – тарихи және әлеуметтік категория» ретінде
түсіндіреді. Функционалды стиль тілдің әр түрлі қызметімен
(функциясымен) тікелей байланысты болатындығын атап көр-
сетеді, яғни стиль тілдің қандай мақсатта, кімге арналып жұмса-
латындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік
сипатын ескерудің мәні зор. Ол қызметтің түрлерін зерттеу-
шілер былайша көрсетеді: А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша,
1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау
құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи
тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени
саладағы қызметі, 5) таным құралы қызметі деп бөледі;
В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы (коммуникативтік), 2) ойды
білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру (конструктивтік),
4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік) қызметтерін
атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету
сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету
қызметі деп үшке бөледі. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің
әлеуметтік қызметіне функционалды стильдердің қатысты
екендігін жоққа шығармайды. Демек, функционалды стильдер-
дің пайда болып қалыптасуына тілдің әлеуметтік қызмет өрісі,
яғни экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпалын тигі-
зеді. Қазақ тіл білімінде функционалды стиль терминінің мән-
маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін талдап-таразылауда
көрнекті ғалымдар М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев,
С.Исаев, Р.Сыздық, М.Серғалиевтардың ой-пікірлерінің маңыз-
дылығы зор. Академик Р.Сыздық «функционалды стиль» терми-
ніне қазақша атау ұсынып, өзіндік пайымдауларын тілдік дерек-
тер негізінде орынды дәлелдейді, яғни «мақсаттық» не «қыз-
меттік стиль» деп атағанды жөн көреді
14
. Ғалым қалың оқыр-
манға түсінікті, жатық болуын көздеп, ана тіліміздің ішкі мүм-
кіншіліктерін пайдаланып жасалынған балама атаулардың ғы-
лым саласы үшін аса қажеттілігін баса айтады.
Сөйтіп, функционалды стилистика қоғамның түрлі сала-
сында жұмсалатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшелік-
терін қарастырады. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық қызметі қоғам-
дық санамен тығыз байланысты. Ал қоғамдық сананың түрле-
14
Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 2005.- 158 б.
ріне: ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық
ақпарат құралдары, әдебиет т. б. жатады. Қоғамдық сана деге-
німіз – объективті дүниені танып білудің формалары. Сөйлеуші
қоғамдық сананың қай саласында тілдік амал-тәсілдердің қай
түрін қолдану керектігін біледі. Яғни қарым-қатынастың құқық-
тық саласы, ғылыми және эстетикалық саласы, бұқаралық ақпа-
рат саласы, тұрмыстық салаларына қарай функционалдық-
стильдік белгісі бар амал-тәсілдерді таңдап қолданады. Тілдік
құралдардың стильдік-функционалдық белгісіне, реңктеріне
қарап, адресат (қабылдаушы) сөздің қай стиль түріне жататы-
нын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |