2.3.2. Ресми-іскери стиль
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан қазақ әдеби тілінің әр
стильдік жүйесінің: публицистикалық стильдің, көркем әдебиет
стилінің, ресми стильдің, ғылыми стильдің сараланып, жеке-
жеке қалыптасып, дами бастағаны әдеби тіл тарихынан белгілі.
Сонау XVІІІ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған ресми-іскери
стиль бүгінде тілі байып, стильдік дәрежесі жетіле түсті, зерттеу
нысанына алынып, ғылыми тұрғыдан біршама игерілуде. Ресми-
іскери стиль, оның қалыптасу тарихына қатысты ой-тұжырым-
дар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов,
Б.Әбілқасымов, Н.Ерғазиева, А.Алдашева, З.Ахметжанова,
Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова, С.Ережепова, Л.Дүйсембекова,
Б.Әбілмәжінова, А.Дуанбекова, т.б. ғалымдар еңбектерінде не-
гізделіп қарастырылды.
Ресми-іскерлік стиль өзге жазба стильдерге қарағанда, ер-
терек қалыптасты. Оның басты себебі – ол мемлекет өмірінің
негізгі санаттарында (сыртқы қарым-қатынас, жеке меншікті бе-
кіту, сауда т. б.) қызмет етті. Келісім-шарт, заңдар, қарыз, мұра-
герлік және тағы басқа жазбалар жаңа, ерекше «тілді» қа-
лыптастырды. Ол даму, қалыптасу барысында бірқатар өзгеріс-
терге ұшырағанымен, өзінің негізгі белгілерін сақтап қалды.
Академик Рәбиға Сыздық қазақ жазба әдеби тілінің ұлт-
тық кезеңіне дейін ресми іс-қағаздар стилі және эпистолярлық
(хат-хабарлар) стилі болғанын айта келіп: «Хан жарлықтары,
өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежі-
релер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі
әдеби дәстүрлеріне негізделген қазақтың ескі әдеби тілі өтеп
отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-хабар-
ларын, іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын осы тілде жүргізді» –
деп жазады
10
.
ХХ ғасырда жаңа мемлекеттік құрылым, саяси, құқықтық,
шаруашылық қатынастар ресми-іскери стильге бірқатар өзге-
рістер әкелді. Жеке адамдар, мекемелер арасындағы қатынас,
мемлекетаралық қатынас жазбаша құжаттарды, хат, куәлік, тағы
басқаларды қажет етті. Бұларда ресми-іскери стиль көрініс
тапты.
Ресми-іскери құжаттардың тілі – клише, стандарт, шаблон
құрылымдардың жиынтығы екенін еске алсақ, өзінің қалыптаса
бастаған кезінен бастап іскери стильдің бүгінгі таңда біршама
жетілгенін, әрі онда тұрақты сөз орамдарының, стандарт тілдік
бірліктердің орныға түскенін байқауға болады: тұрақтанған
үлгілердің, қысқартулардың мол болуы, материалдың белгілі бір
тәртіппен орналасуы, құжаттың белгілі бір қалып, үлгі бойынша
толтырылуы, ақпаратты ықшам да дәл бере отырып, белгілі бір
тілдік құрылымдарды орнықтыра түседі.
Стилистикаға арналған еңбектерде ресми стильдің екі
түрлі қызмет атқаратындығы түсіндіріледі: бірі – информативтік
(ақпарат беру) қызмет; екіншісі – волюнтативтік (іске итерме-
леу) қызмет. Мәселен, анықтама үлгісінде ақпараттық немесе
хабар беру қызметі басым көрінсе, бұйрықта бір іске итермелеу
не болмаса сол істі орындауға міндеттеу қызметі анық байқа-
лады; ал хаттама құжатында әрі ақпараттық (тыңдалды), әрі бір
іске итермелеу (қаулы қабылданды, шешім шығарды) қызмет-
тері қатар жүзеге асады
11.
10
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 2005, 43-б.
11
Стилистика русского языка. Л., 168 б.
Ғалым Л.Дүйсембекова «Қазақ ресми іс қағаздары» атты
зерттеу еңбегінде: «Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірлік-
тердің қалыптасуы мен қолданысы сөздердің грамматикалық
тұрғыдан да, стильдік тұрғыдан да қатесіз тіркесуімен тығыз
байланысты. Ресми-іс қағаздар стилінің талабы ойды дәл, анық,
қысқа, нақты жеткізу болса, онда қолданылатын стандарт тір-
кестер үшін грамматикалық тұлға мен мазмұнның сәйкестігін
сақтау – негізгі талаптардың бірі», – деп жазады.
Ресми стильдің үш шағын түрі айқындалып қалыптасқан:
- әкімшілік-кеңсе (іс қағаздары) шағын стилі (анықтама,
өтініш, өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, арыз, хаттама, хабар-
ландыру, бұйрық, жеке іс парағы). Бұдан басқа азаматтық қаты-
настарды реттейтін
сенімхат, қолхат, келісімшарт, тапсырыс
қағаздары, еңбек келісімі
, т. б.
- таза заң шағын стилі
(заң, қаулы-қарарлар, жарлық,
жарғылар, азаматтық, қылмыстық істер актілері,
т.б.);
- дипломатиялық шағын стилі
(келіссөз, мемлекетаралық
шарттар, іскери хат, үндеу, нота, мазмұндама, меморандум,
конвенция,
т.б.).
Ресми-іскери стильдің ауызша түріне түрлі жиналыстар-
дағы, салтанатты мәжілістер мен құрылтайлардағы сөздерді,
мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің баяндамаларын, жа-
рыссөздерді, мерейтойға байланысты ресми құттықтауларды т.б.
жатқызуға болады. Ауызша сөйлеу әсіресе елшілік кездесу-
лерде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қаты-
насында маңызды орын алады. Сондай-ақ қазіргі таңда ауызша
ресми стиль жанрларының қатарына іскери әңгіме, қызмет ба-
бымен телефонда сөйлесу, жұмыс барысы туралы ауызша есеп
беру де жатқызылып жүр.
Ресми стильдің түрлері белгілі бір қалыпқа түскен үлгі
бойынша жазылады да, онда саяси-публицистикалық лексика,
әкімшілік терминдер мен номенклатуралық атаулар жиі қолда-
нылады
(мекеме, ұйым, өкілеттік, ақпараттық хат, шарт, ке-
лісім, ереже, қаулы, нұсқау, өтінемін, сенім білдіруші, келісіл-
ген, төменде қол қоюшылар, қолхат, куәлік, күн тәртібі, шешім
қабылданды, бұйрыққа жіберілсін, Ұлы мәртебелі, т.б.).
Логи-
калық жүйелі құрылған ой құрмалас сөйлемдер арқылы беріледі,
ондағы сөздердің орын тәртібі
қалыптасқан құрылымнан тұрады.
Сөйтіп, мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде жазылатын, сөз-
дері тура, нақты мағынада жұмсалатын, тұрақты сөз орамдары
бар, қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі
стиль ретінде танылады.
Ресми-іскери стиліне тілдік тұрғыдан қойылатын талап-
тар:
1)
түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
2)
айқындық немесе жүйелілік;
3)
логикалылық;
4)
баяндаудың ықшамдылығы;
5)
басы артық сөздің болмауы;
6)
құрамының тұрақтылығы.
Таза лингвистикалық тұрғыдан да мәтінге қойылатын та-
лаптар болады. Қазақ тілі заңдылықтарына сәйкес құрылған,
өзіндік лексика-грамматикалық жүйесі бар стиль түрі, іс қа-ғаз-
дарын, әр түрлі құжаттарды толтырғандағы басты талап – қазақ
тілінің табиғи нормаларын жетік меңгеру. Тұрақты қалып, үлгі-
лер тілдің барлық деңгейінде – лексикада, морфология, синтак-
сис саласында көрініс тауып, ресми-іскери стильдің өзіндік
ерекшеліктерін көрсетеді. Лексикада – ресми құжаттар мен іс
қағаздарына тән тұрақтанған тіркестер, кәсіби термин мәніндегі
сөздер мен сөз тіркестерін, әкімшілік терминдерді орнымен қол-
дану; синтаксистік құрылымында логикалық жүйелі құрылған
ойдың құрмалас сөйлемдер (себеп, мақсат, шартты бағының-
қылы сабақтастар) арқылы берілуі, т.б. талап етіледі. Іскери
стильде мекемелердің атауларын, жеке тұлғалардың атақ-лауа-
зымдарын, қызметін білдіру үшін қалыптасқан көп құрамды
есім сөздер жиі қолданылады:
мемлекеттік ұйым, келісімге бай-
ланысты, техникалық көмек көрсету мақсатында, жаңа ере-
жеге көшуіне байланысты, ғылыми қызметкер, жұмыс беруші,
премьер ханым, Сіздің рұқсатыңызбен!
Ал іскери қатынастарда аса маңызды ресми стиль түрі –
іскери хаттар, оның мәтіні көбінесе ресми түрде біреуге бағыт-
талып жазылады
(құрметті Жәнібек Нұрланұлы...),
бұл түрінде
қалыпты үлгілер мен тұрақты тіркестер сиректеу кездеседі, ой
еркіндеу құрылады.
Жалпы алғанда, іскери хаттарда сюжет желісі (хабарлау,
баяндау), шешендік этикет фразалар кездеседі:
құрметті, қадір-
лі, шақырамын, ниет білдіремін, ниет білдіргеніңізге рахмет,
рахметімізді білдіреміз, алғыс айтамыз т.т.
Шақыруымызды құп алып, болашақ іс-жоспарымызды
талқылауға арналған кездесуге келеді деп ойлаймыз (қатысады
деген ниеттеміз).
Құрметпен Нұралы Нұрланұлы!
Ресми-іскери стильдің өзге стиль түрлерінен ерекшелігі –
тұрақты оралымдар мен қалыпты құрылымының көп кездесуі-
нен, жай, құрмалас сөйлемдерінің саралануынан, тұрақты бір-
ліктер арқылы кез келген ақпарат, хабарламаның нақты жеткі-
зілу сипатынан көрінеді. Дәлел ретінде ресми стильдің бір-екі
үлгілерін келтірелік:
Достарыңызбен бөлісу: |