орындарына арнап жазған «Іскерлік қазақ тілі» атты оқу
құралы баспаға ұсынылсын.
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі,
ф.,ғ.,д., профессор Т.Ермекова
Хатшы С.Самархан
Ресми іскери стильдің қысқаша талдау үлгісі:
1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): іскери хат-
тар мен кеңсе құжаттарында, іс қағаздарында (жазбаша түрі),
мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынасын-
да, елшілік кездесулерде, сот үрдісінде (ауызша түрі).
2.Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау, нақты мәліметтер
беру, т.т.
3.Стильдік сипаты: ресмилік, нақтылық, дәлдік.
4.Тілдік ерекшеліктері:
а) лексика-фразеологиялық: кітаби сөздер мен даяр тір-
кестер, экономикалық-құқықтық терминдер мен стандарт бірлік-
тер:
шарт, контракт, міндет, жақ (тарап), жауапкершілік,
заң, арбитраж, шығын, төлем,
т.т.
ә) морфологиялық: күрделі зат есімдер, есімшелер, сын
есімдер
(көрсетілген, берілген, келтірілген, жоғарыда аталған,
осы, келесі, орынбасар, тапсырыс беруші, орындаушы, төлем
иесі
т.с.); қыстырма сөздер (байланысты,
соған сәйкес, бірін-
шіден, екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан
т.с.);
сілтеу
есімдіктері (бұл, сол, осы сонда т.б.); етістіктер (тапсыру,
жеткізу, көрсету, айырбастау
т.б.); қысқарған сөздер
(ААҚ,
ЖШС, ЖАҚ, БК, БАҚ, ТК,
т.б.
б) синтаксистік: хабарлы сөйлемдер, сабақтас құрмалас-
тар, бірыңғай мүшелі сөйлемдер, т.т.
Достарыңызбен бөлісу: