Сабақтың түрі: жаңа материалдарды меңгерту Әдісі: түсіндірмелі, талдау,флипчарт арқылы



Дата06.11.2016
өлшемі0,57 Mb.
#1150
түріСабақ



Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызының әдебиеттік оқу пәнінен 2 сыныпқа арналып өткізілген ашық сабағы.


Саб.тақырыбы: І.Жансүгіров. Жазғытұрым.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды І.Жансүгіровтың өмірімен, оның өлеңімен таныстыру.Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын молайтып дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалдарды меңгерту

Әдісі: түсіндірмелі , талдау,флипчарт арқылы

Көрнекілік: СТО технологияларының стратегиялары,І.Жансүгіровтың портреті,шығармалардың аттары жазылған плакат, слайд, түрлі түсті қағаздар.

Кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті




Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырма-сын тексеру

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Сұрақ жауап


Сөздікпен жұмыс


Дәптермен жұмыс

Өлеңнің құрылымын талдау:

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма




Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Сабаққа даярлықтарын тексеру.
Күн шуағы ашылды

Көктен нұрын себелеп.

Осындай шаттық күндерде

Сәттілік тілеймін бәріне



Интербелсенді тақта арқылы модульдік технология бойынша үй тапсырмасын тексеремін.

-Балалар біздің өткен модуліміміз қандай?

-Мұнда негізгі идея не туралы?

-Әдебиеттегі қандай жанр түрлерімен таныстық?

-Бұл тараудағы кейіпкерлерді атаңдар?

-Осы модульді түйіндер едіңдер?



Модуль

Өнегелі өмір

Негізгі идея

Өнер,ерлік,

батырлық


Жанр түрі

Өлең,әңгіме

Кейіпкерлер

Өнер адамы, ерлік көрсеткен батырлар

Түйіндеу

Ел іші- өнер кеніші


Бейне көрініс арқылы оқушыларды жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағыттаймын .

-Енді барлығымыз бір сәт тақтаға қарап, бейне көріністі тамашалайық.

Тақтада «Көктем» туралы бейне көрініс көрсетіледі

-Балалар мына бейне көріністе нені көрдіңдер?

-Табиғатта болатын қандай ерекшеліктер бейнеленген?

-Ендеше біздің бүгінгі бастағалы отырған жаңа үлкен тарауымыз «Табиғат - тіршілік бесігі»- деп аталады.

-Бейне көріністе табиғаттағы жылдың қай мезгілін көрдіңдер?

І.Жансүгіровтың өмірбаяныменжәне шығармаларымен таныстырамын.

-Ендеше, балалар біз бүгін І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.


а) Автордың өмірбаянымен таныстыру:
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң кеңшарында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті ақыны. Қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Балаларға арналған «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге», «Бұлбұл» атты өлеңдер жинағы және «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары бар.

Өлеңді мәнерлеп оқимын.

Автор өлеңді қандай көңіл күймен жазғанын дәлелде.

-Ақын бұл өлеңде табиғаттағы қандай өзгерістерді суреттеген?

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Өлеңді оқу барысында таныс емес мағынасын түсініксіз сөздерді тауып мағынасын ашқызамын.

көк майса -

Қыстау -

Жылға –.


Интербелсенді тақтаға оқушылар сөздік жұмысында құраған сөйлемдерін жазады.

Өлең 2 шумақты , 9 тармақ- тан құрылған. Әр тармақта

7 буын бар.
Құлпыра берші кең дала,

Гүліңді күнде терейін.

Жапырағыңнан жасыршы,

Құшағыңа енейін.


Екі топқа сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Екі жақты күнделік» және «Тұжырым кестесі» стратегиялары арқылы кестені толтыруға тапсырма беріледі.

1.Екі жақты күнделік



Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы өз пікірім

Түйіндеу

І топ Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті

ІІ топ


Жылы-жылы жел соқты

ІІІ топ


Ауыл көшті қыстаудан







2.Тұжырым кестесі



Кейіпкерлер

Іс әрекеттер

Пайдасы

І топ

Жер


ІІ топ

Мал


ІІІ топ

Қаз







Кубизм әдісі бойынша сабақты бекіту.



Кубтың 6 бұрышында мынадай сұрақтар болады сол сұраққа оқушылар жауап береді.

1.Бүгінгі сабақта өткен шығарманың авторы кім?

2.Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

3.Көктемде жануар тіршілігіндегі өзгерістер


4.Адамдардың көктемгі еңбегі
5.Жазғытұрым туралы ойлағанда көзіңізге не елестетесіз?

6.Жыл мезгілдеріне байланысты қандай ақындардың өлеңдерін білесіңдер?



Әр топқа жазғытұрым мезгілі туралы коллаж жасату

Топ спикерлеріне бағалату

Өлеңді мәнерлеп оқып,жаттап алу. І.Жансүгіров туралы мәлімет жинақтау.


Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетті.

Қимыл қозғалыс арқылы көрсетіп бірге айтады.

Өнегелі өмір
Өнер,ерлік,батырлық
-Жанр түрі: өлең,әңгіме
- өнер адамы, ерлік көрсеткен батырлар

«Ел іші – өнер кеніші»

Табиғат көрінісі бейнеленген
Қар еріді, құстар туған жерге оралуда... Яғни, табиғаттағы тіршілік бейнесі суреттелген

Көктем. Жазғасалым уақыт болғандықтан көктемді «Жазғытұрым» деп те атауға болады.


Оқушылар қысқаша мәліметті дәптерлеріне жазып алады.

Көңілді, ойнақы,қуанышты......

Қардың еруін,құстардың туған жерге оралуын, адамдардың көктемгі еңбегін, жердің гүлденуін...



Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқиды.

көк майса-шөбі мол, жасыл шалғынды жер.

Қыстау-малды қыста қыстататын жер.

Жылға – қар, жаңбыр суы ағатын шағын өзек, ойпаң жер.

Дәптерге осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып жазу: Малдар көк майса жерде жайылып жүр. Атамдар қыстаудан жайлауға көшті.

Оқушылар өлеңнің тармақтарын санап,әр тармақты буынға бөледі.


Оқушылар cергіту сәтін іс қимылдармен жасайды

Әр топ бірлесіп екі жақты

күнделікті толтырады.




Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы пікірім

Түйіндеу

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті

Көктем келген соң қаз келді.

Құстар жылы жақтан ұшып келді.




Көктемде құстар туған жерге оралды.

Мақалмен түйіндеу

Қанатты сөздер




Кейіпкер-лер

Іс-әрекеттер

Пайдасы

І топ

Жер
ІІ топ

Мал
ІІІ топ

қаз


Жер қарайып жерге көк шықты

Малдар өріске шықты,төлдеді.

Құстардың жылы жаққа ұшып келуі


Жер –

Мал- етін,сүтін, жүнін аламыз




І.Жансүгіров


Жазғытұрым кезеңге арналған.

Малдар төлдейді. Көк майса жерге жайылады... .

Жер жыртып, егін егу. Ағаш отырғызу...
Құстардың келуін, күннің жылынуын...
Абай «Жазғытұры»
Жазғытұрым мезгілін түрлі түсті қағаздардан коллаж жасап соны қорғап береді.
Әр топ бойынша спикері бағалау парағына топтарындағы оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


1

3



10

3

5


3

9


3

5



2
1

№26 мектеп- гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Батаева Үміткен Еркінқызының

әдебиеттік оқу пәнінен өткізген

ашық сабағына


Пікір

Батаева Үміткен Еркінқызы жоғары білімді, бірінші біліктілік санатындағы ұстаз. Жалпы еңбек өтілі 18 жыл болса, ал осы атаулы мектепте 6 жылдан бері қызмет етеді. Алдына қойған проблемалық тақырыбы: «Сапалы білім беру арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру». Сондықтан да ұстаз әр сабағында заман талабына сай жаңа технологияларды ұтымды пайдаланып, шәкірттерінің жан-жақты және шығармашылық қабілеттерінің дамуына көп көңіл бөледі. Мысалы: әдебиеттік оқу пәнінен «Табиғат- тіршілік бесігі» тарауындағы берген «Жазғытұрым» атты сабағында алдына қойған мақсатына жету үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдана білді. Мотивациялық кезеңде оқушыларды психологиялық жағынан сабаққа дайындап, модульдік оқыту технологиясы арқылы үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылады. Арнайы дайындалған бейне көрініс көру арқылы жаңа сабақ тақырыбын оқушылар өздері аша білді. Оқушыларға шығарма авторы туралы қысқаша мәлімет беріліп, оқулықпен жұмыс жүргізілді. Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқушылар өлеңнің қандай көңіл күйде жазылғанын, табиғаттағы көрініс бейнесін, өлең құрылымын талдап, дәлелдеді және өлеңді мәнерлеп оқыды. Бұл кезеңде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларының жақсы қалыптасқаны байқалды. Оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысында жаңа сөздердің мағынасы талданып, сол сөздермен сөйлем құрастырылды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Екі жақты күнделік» және «Тұжырым кестесі» стратегиялары арқылы әр топ ұйымшылдықпен жұмыс істеп, өз ойларын еркін жеткізе алды. Сабақты «Кубизм» әдісін қолдана отырып дүниетану пәнімен байланыстырып қорытындылады. Оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында әр топ «Көктем» тақырыбына коллаж жасап, тақырыптың маңыз-дылығын көрсетіп, тұжырымдай білді.

Үміткен Еркінқызы сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр стратегиясын сабақта ұтымды қолданылды. Жаңа тақырып мазмұнын игеруде оқушылар толық қамтылды. Сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.

«Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде» деген қағиданы ұстанатын Үміткен Еркінқызы шығармашылығын арттыруда шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге баулуда.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Т.К.Кабенова


Бастауыш сынып мұғалімдері арасында кәсіби шеберлік сайысының

қалалық кезеңіне қатысушының

Сауалнама –өтінімі

1.Автордың тегі,аты,әкесінің аты: Батаева Үміткен Еркінқызы

2.Туған жылы, айы, күні: 08.08.1975жыл

3. Жұмыс орны: 26 мектеп – гимназиясы Абай көшесі 55 тел: 755849

4.Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

5.Педагогикаклық еңбек өтілі: 18 жыл

6.Біліктілігін арттыру:

Бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі жаңа технологиялар. 2009 жыл

7.Конкурсқа жіберілетін жұмыстың атауы: Әдебиеттік оқу 2 сынып



Тақырыбы: І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Толтырылған күні: 4 наурыз 2013 жыл

Мектеп директоры: Г.К.Сванқұлова

№ 26 мектеп - гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімдері арасында кәсіби шеберлік сайысының қалалық кезеңіне

қатысушының ашық сабағы

Тақырыбы: І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Пән: Әдебиеттік оқу

Сынып: 2 «А» сынып

Батаева Үміткен Еркінқызы



,,

Екібастұз қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет