Сабақтың тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі35,67 Kb.
#84822
түріСабақ
Байланысты:
2-сабақ


Бекітілді
(тексерушінің аты-жөні)
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Бөлім

Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні

М.С.Тасбулатова

Күні

2020.08.09.

Сынып 5 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1- әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.2.2.1 - эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын және эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Құндылықтарды дарыту



- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;





Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(5минут)

-Амандасу;
-Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.












Сабақ басы
(10минут)

«Сұрақ-менен, жауап-сенен» әдісі.
-Ертегі дегеніміз не?
-Ертегінің неше түрі бар?
-Ертегі түрлерінің ерекшеліктері қандай?


Тақырып дегеніміз – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбы – Кендебайдың ерлігі.
Идея дегеніміз – шығарманың негізгі, түпкі ойы.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің идеясы – ізгі мұрат арқалағандар жеңіске жетеді.
Фабула дегеніміз – көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Ертегі оқиғасы екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Қазанқап деген кедейдің Кендебай атты баласының өмірге келуі және оның ел үшін жасаған қызметі баяндалады.
Екінші бөлімде Кендебайдың ерлігі туралы айтылады. Ертегінің оқиғасы Кендебайдың іс-әрекеті арқылы дамып отырады.
Ертегінің аудио нұсқасы тыңдалады.
Кендебай кәдуілгі бала емес, күн сайын өсетін, алты жылда алпамсадай жігіт болған ғажап бала. Алып күш иесі – Кендебай әке-шешесіне көмектесіп, шаруаға қарап, аң аулайды.
Кендебай пері патшасына тұтқын болған Мергенбайды құтқаруға аттанып, жолда жеті басты дәумен, жалмауызбен, ақырған арыстанмен айқасып, оларды жеңеді. Алтын құйрықты құлындарды аман алып келіп, хан қолына табыстап, Мергенбай батырды құтқарып, елде қалған баласымен табыстырады. Пері қызына үйленіп, мұратына жетеді.
Кендебайдың батырлығының асқақтауына оның досы – Керқұла да себепші. Өйткені жануар «айшылық жерге алты аттап жететін тұлпар» ғана емес, қысылтаяң сәтте адамша сөйлеп, Кендебайға дем беретін нағыз дос.



Білу, түсіну







Ортасы
(20 минут)
(оқу тапсырмаларын орындау)



1-тапсырма. Ертегінің қысқаша мазмұны бойынша кестені толтыр.

Кейіпкер

Сипатта

Ертегідегі үзіндімен дәлелде

Кендебай



















Дескриптор:
-ертегінің қысқаша мазмұнымен танысады;
-кейіпкерге сипаттама береді;
-үзіндіден дәлелдер келтіреді;
-кестені толтырады.



  • Кері байланыс ауызша беріледі.

Түсіну, қолдану









Соңы
(5 минут)

Материалды бекіту.
«Бес жолды өлең» әдісі
Кендебай
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Синоним

Қолдану








Онлайн сабақты бағалау критерийлері (+,-)



Мұғалімнің әрекеті

Байқалады

Байқалмайды

1

Мұғалім сабақтың басында байланыстың сапасын тексереді







2

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін айтады







3

Мұғалім оқушыларға сабақ барысындағы ережелерді ескертеді («бір микрофон ережесі», «қол көтеру», «Белсенді чат», «Әркімнің пікірі құнды» мұғалімнің қалауы бойынша басқа да ережелерді қолданады)







4

Оқушыларды оқу үдерісіне тартып, белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі тәсілдерді қолданады:
- сұрақтарды пайдалану (нақты белгілі бір тыңдаушыға бағыталған, сонымен қатар жалпы топқа)
- чатты пайдалану;
- сауалнама қолдану;
- интербелсенді тақталарды пайдалану;
- шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру;
- мұғалімнің қалауы бойынша басқа да тәсілдер







5

Сабақ мақсатына сәйкес бір не бірнеше практикалық тапсырмалар орындатады







6

Өзіндік және өзара бағалауды ұйымдастырады







7

Әр қалыптастырушы бағалаудан кейін сындарлы кері байланыс ұсынады







8

Мұғалімэлектронды таныстырылым көмегімен, құжаттар, суреттерді, сайттарды көрсету арқылы ақпаратты көрнекі түрде ұсынады







9

Мұғалім сұрақтарды түрлендіріп қояды, сабақ барысында қолданған сұрақтары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді







10

Қажеттілікке қарай оқушылардың шаршағанын сейілтіп, жұмысқа деген қабілетін арттыру мақсатында сергіту сәттерін ұйымдастырады







11

Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құра алады







12

Сабақты қорытындылайды:
- оқушылардың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерінің орындалуын талқылайды;
- сабақ қорытындысы бойынша кері байланыс береді.







13

Сабақ соңында кері төменде көрсетілген құралдар көмегімен оқушылардан кері байланыс алады:
- чат;
- сауалнама;
- интербелсенді тақталар;
- мұғалімнің қалауы бойынша басқа да құралдар мен қосымшаларды пайдаланады.








Тапсырманы бағалау критерийлері (+,-)



Критерийлер

Сәйкес

Сәйкес емес

1

Мақсаттар оқу бағдарламасының бөлімдерімен сәйкес







2

Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес







3

Бағалау критерийлері ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес







4

Тапсырмалар бағалау критерийлеріне сәйкес







5

Тапсырмалар ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес







6

Тапсырмалар жасерекшеліктеріне сәйкес







7

Тапсырмалар анық және түсінікті құрастырылған







8

Тапсырма шарты түсінікті әрі толық берілген







9

Тапсырмалардың дескрипторлары бақыланатын және өлшенетін етістіктермен сипатталған







10

Жұмысты орындау уақыты рационалды белгіленген






Кері байланысты бағалау критерийлері (+,-)





Критерийлер

Сәйкес

Сәйкес емес

1

Кері байланыстың уақытылы ұсынылуы







2

Кері байланыстың жүйелілігі







3

Анық және нақты







4

Жұмыстың күшті жақтарының көрсетілуі







5

Жетілдіретін тұстарының аталуы







6

Қателіктерді болдырмау жолдары мен жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар







7

Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздердің қолданылмауы







8

Мысқылдайтын, сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т.б. оқушының көңіл-күйіне кері әсерін тигізетін жағымсыз сөздердің болмауы








Қосымша
Кері байланыс берілмейтін және бағаланбайтын
оқу пәндері
1.«Өзін-өзі тану»
2. «Көркем еңбек»
3. «Музыка»,
4.«Дене шынықтыру»
5.«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
6. «Графика және жобалау»,
7.«Қоғам және дін».


1.Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады.
2.Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.
3.Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:
1 балл-10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;
2 балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
3 балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, қателіктерін түзетуге тырысады,сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;
4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекқажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
6 балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;
7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.
4. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.
5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
6. ҚО режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электрондық журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата-аналар мен мұғалімдерге электрондық журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.
7. қалыптастырушы бағалау қорытындысы қорытынды баға қою кезінде ескеріледі және жалпы балдың ең жоғары 25% - ын құрайды (1 балл 2,5% - ға теңестіріледі). Электрондық журнал қалыптастырушы бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына дейін орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл қалыптастырушы бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).
8. БЖБ және ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.
9. Қорытынды баға 25%, 25% және 50% арақатынаста қалыптастырушы бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет