жер аударылған ғалым-зерттеушілердің пікірлері үлкен ойға
қалдырады және орыс, батыс саяхатшылары мен этнограф-
тары қазақ халқының дәстүрлі өнеріне жоғары баға берген-ді
(«Егемен Қазақстан» газетінен).
Логикалыққа құрылған ой-пікірді жан-жақты жеткізудің,
көркемдік шынайылыққа жетудің бірден-бір құралы – құрмалас
сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдер күрделі мағыналық және грам-
матикалық қарым-қатынасты беруге бейім болып келеді, бұл
әсіресе ғылыми стильге тән. Ғылыми стильде күрделі ой ло-
гикалық жүйелі баяндалатындықтан, дәлелдеуді, белгілі бір құ-
былыс, заттың мәнді белгісін көрсетуді, ғылыми негіздеуді көз-
дейтіндіктен, сөйлем құрылысы күрделі сабақтас құрмалас сөй-
лемдер
арқылы жасалады, ол құрмаластың бірінші жай сөй-
лемінің (бағыныңқының) баяндауышы көбінесе шартты рай тұл-
ғасында келіп, екінші сөйлемі ойды тиянақтап, дәлелдеп,
тұжырымдап тұрады:
Ерітінді қандай агрегаттық күйде болса,
таза түрінде дәл сондай болатын компонентті еріткіш деп
есептейді, бірақ оның мөлшері берілген жүйеде артығырақ
болуы қажет;
Ал белгілі бір ұғым-түсініктің мәнді белгілерін
көрсету арқылы оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауда себеп
бағыныңқылы сабақтастар жиі жұмсалады. Мысалы:
Прагма-
лингвистика коммуникативтік іс-әрекет туралы ғылым саласы
болғандықтан, тіл ғылымының басқа салаларынан бөлшектен-
бейді, тілдің барлық аспектілерінің қызметіне тікелей қатыса
алады.
Сөйлем құрамында бірыңғай мүшелері бар құрмалас-
тардың қолданылу мәні – бір нәрсені дәлелдеп, нақтылауда, ай-
тылған ойды саралау үшін қызмет етеді:
Сөйлеу актілеріндегі
қатысушылардың психологиялық жағдайы, олардың қарым-
қатынас аясы, саяси-әлеуметтік жағдайы, сөздің шынайы-
лығы, дүниетанымдық көзқарасы белгілі стилистикалық мәнге
ие болатын таңбаларды таңдап ала отырып, өз мақсатына
жетуі прагмастилистиканың зерттеу мағынасына толық
айналады.
Ғылыми стильден кейін ресми стильде көбінесе қатаң
ресмилік сипат беретін анықтауыш
қатынастағы шартты бағы-
ныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жиі қолданылады:
Егер
Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен
ұсынылған өзгерту-толықтырулармен келіссе, заң қабылданды
деп есептеледі; Республиканың халықаралық шарттарында өз-
геше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет
мемлекетке беруге болмайды
(Құжаттардан).
Публицистикалық стиль де өзге стильдерден сыртқы құ-
рылымдық сипаты арқылы ерекшеленеді. Бұл стильде жазылған
шығарма қалың жұртшылыққа түсінікті тілмен, жатық құрылған
сөйлемдермен елде, әлемде болып жатқан уақиғаларды таныс-
тыру, оған талдау жасау арқылы қоғамдық пікір қалыптас-
тырады. Яғни, көпшілікке жеткізілетін ресми ақпарат кітаби
тілмен беруді қажет етеді. Демек, кітаби сипаттағы күрделі тір-
кестер мен құрмалас сөйлемдер де жиі қолданылып, сол арқылы
ақпарат толық, нақты, дәл жеткізіледі. Әрине, белгілі бір ақпа-
раттың мұндай синтаксистік құрылымға негізделуі, стильдік
белгісі, ең алдымен, публицистикалық стильдің жанрлық сипа-
тына, қызмет ету ерекшеліктеріне, өзге де жағдаяттарға байла-
нысты болады. Төмендегі үзінділерден бүгінгі Астананың саяси,
экономикалық әлеуетін сипаттайтын күрделі ой мазмұны құр-
малас сөйлемдермен тартымды баяндалған:
Ал енді астаналық-
тарды қалалары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу
шарасын жеңіп алғанымен құттықтай отырып, мұндай ға-
ламдық шараны өткізуге батылы жеткен жас қала – Астанаға
әлі де көптеген ірі жобаларды жүзеге асыруына тура келеді.
Мұнымен қатар, Қазақстан елордасында бой көтерген
заманауи зауыттар шетелдік ірі компаниялармен бірлесіп
салынып жатқандықтан, жұрт назарын өзіне көп аударып
жатыр. Астананың бұл тәжірибесін өңірдегі дамуы тежелген
көптеген елдер үйренсе, жаман болмас еді. Шетелдік білікті
мамандарды шақырып, қаланың дамуын қамтамасыз ете оты-
рып, өз персоналдарының біліктілігін үнемі көтеріп отырған-
дықтан да қала осындай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді
(«Егемен Қазақстан»).
Құрмалас сөйлем түрлерінің эстетикалық қызметі көркем
әдебиет стилінде де әр түрлі стилистикалық амал-тәсілдер ар-
қылы көрініп, ойдың мазмұнына түрліше бейнелілік сипат бе-
реді:
Көшедегі адамдар қоңыраулы трашпеңкені әуелі салта-
натпен әкім келе жатыр екен деп қалады да, кісендеулі аяғы
салбырап отырған киіз қалпақты қазақты, алды-артына мыл-
тық ұстаған айдауларды көріп, бірі таңырқап, бірі үрке қарап,
бірі тез-тез шоқынып қала береді. Әлдекімдер басынан мы-
жырайған кепкасын алып, бас игендей болды. Әлде кім дей ме,
әлде тұтқынға оң сапар тілей ме – белгісіз
(Ш.Мұртаза). Үзін-
діде салаласып та, сабақтасып та байланысқан аралас құрмалас
сөйлемдер құрамында әлеуетті бейнелі сөздердің қатысуы
арқылы айтайын деген ой нақты бейнеленіп, оқушының көз ал-
дына елестейтіндей жанды сурет жасалынған. Яғни жеке ұғым-
дарды дәлме-дәл беретін заттық мағыналы сөздерді таңдап қол-
дану арқылы да автор айтайын деген ойын әсерлі түрде жеткізіп
тұр. Бұл да синтаксистік бірліктердің көркемдік-эстетикалық
қызметіне тікелей қатысты құбылыс.
Қай құрмалас сөйлемнің түрі болмасын қабылдаушыға
(оқырманға) стилистикалық әсер етіп,
ойдың бейнелілігін арт-
тыруға ықпал етеді. Аспара тауының әдемі көрінісін суреттеуде
автор ойдың динамикалы күйін жеткізетін сабақтас құрмалас-
тарды тиімді пайдаланған:
Аспараның ұшар басында ғана
қалған бір шөкім қарды жаңа шығып келе жатқан күннің нұры
шалып, ақ қар қызыл арайлы асыл тасқа айналып, атыраптағы
мазасыз ауылдарға мейірбан сәуле таратқандай. Жаңа шығып
келе жатқан күннің күзетшісіндей болып, Мықаң жағасында
Тұрар жападан жалғыз тұр
(Ш.Мұртаза). Сөйлемнің стильдік
сипатының көрінісі, оның түрленуі, экспрессивтік-эмоционал-
дық бояу алуы көбінесе баяндауыш тұлғалары арқылы жүзеге
асатындығын жоғарыда келтірілген деректерден аңғаруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: