Табыс септігіндегі толықтауыштардың жалғаулы, жалғау-
сыз жұмсалу ерекшеліктерін де түсіну қажет:
Пароход теңізді
тіліп келеді – қауын тілді – қауынды тілді.
Дегенмен де, сөйлем мүшелерінің қазақ тілінде қалыптас-
қан дағдылы орын тәртібі бар, белгілі бір синтаксистік жүйеде
өзіндік норма-заңдылықтары айқындалған. Жазба стильдердің
барлық түрінде бұл шарт сақталынады. Ал ауызекі сөйлеуде,
көркем әдебиет стилінде сөйлем мүшелері жиі инверсияланады.
Мұндай синтаксистік бірліктердің стильдік мақсатта жұмсалуы-
ның мәні ерекше: ойдың бір бөлігі екпін түсіру, назар аударту,
сөзді мәнерлеу, модальдік реңк үстеу т.т. сияқты бірнеше мақсат
жүзеге асырылады. Тегінде, прозадан гөрі поэзия жанрында ин-
версиялық құбылыс басым. Сөйлем мағынасын осылайша түр-
лендіріп, ондағы жеке сөйлем мүшесіне ерекше стильдік қызмет
арту үшін, оны басқа сөзбен орнын ауыстырып айту тәсілін ин-
версия дейді. Мәселен, бастауыштың қалыпты орны диалогті
сөйлемдерде, өлең жолдарының соңында стильдік уәжбен ауыс-
тырылып жұмсалынады. Қынжыла, күйіне айтылған көңіл-күй-
мен байланысты лепті, сұраулы сөйлемдерде бастауышты
соңында пайдалануға болады, көбіне оған ой екпіні түсіріліп
айтылады, ол бастауыш көбінесе есімдік сөздерден де тұрады:
Зарланарсың, ойланарсың,
Не болам деп енді
Достарыңызбен бөлісу: