Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiл



бет2/2
Дата29.03.2022
өлшемі60 Kb.
#137176
1   2
Байланысты:
Казакстан халкы ассамблеясынын стратегиясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiл
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін эстнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады. 
Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін.


Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет