Байланысты: Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист
Зерттеудің мақсаты көркем мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің бірі ретінде әңгімелеу мәтінінің құрылымдық-стилистикалық ерекшелігін анықтау болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысы өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздеді:
- әңгімелеу мәтінін зерттеуге тірек болатын теориялық тұғырларды анықтау;
мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге ала отырып, әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ақпараттық-мазмұндық, композициялық және стилистикалық тұрғыдан ұйымдасу ерекшелігін анықтау;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы мағыналық-тақырыптық түрлерін анықтап, олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау;
- әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігін анықтау.