Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты



бет9/34
Дата01.05.2022
өлшемі283,5 Kb.
#141643
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен көркем шығарма тізімі берілді.


Негізгі бөлім
Диссертацияның кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми және практикалық жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар туралы мәлімет берілді.
Диссертацияның бірінші тарауы «Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық мәселелері» деп аталып, мәтін лингвистикасындағы мәтін теориясына қатысты негізгі теориялық тұжырымдар мен көзқарастар, мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні, мәтіннің сөйлеу бірлігі ретіндегі ақпараттық мазмұн ерекшелігі, әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық сипаты, композициялық сөйлеу бірліктері, әңгімелеу мәтінінің олармен арақатынасы жан-жақты сөз болды. Қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттелмеген әңгімелеу мәтінінің ақпараттық, әлеуметтік, психологиялық жүк арқалап, белгілі бір тілдік өрнекке ие болатын сөйлеу бірлігі екендігі мәтін теориясына сүйене отырып, нақты мысалдармен талданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет