Байланысты: Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. - қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған көркем әдебиет стиліндегі әңгімелеу мәтіні мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылды;
- әңгімелеудің көркем шығарма мәтінін құраушы бірлік болып
саналатыны әрі аяқталған мағыналық тұтастық екендігі дәлелденді;
-әңгімелеу мәтіні ақпараттық-мазмұндық жағынан белгілі бір қатысымдық бағыт-бағдары бар, соған сәкес құрылымдық және композициялық ерекшелігі, өзге мәтін түрлеріне ұқсамайтын мәтін түрі екендігі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық ерекшелігі және олардың қызметі анықталды;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы қолданысы, көркем шығарманың стилистикалық композициясын, эстетикалық тұтастығын жасауға қатысы талданды;
- әңгімелеу мәтінінің субъективтік және объективтік уақытқа қатысты тақырыптық-мағыналық түрлері анықталды.