1.С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева.Маркетинг негіздері:- Астана : Фолиант, 2007. - 252 б.
2.Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2009.
3.С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.54б.
4.Тойкин С. Х., Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астана: Фолиант, 2008.
5.Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай.Маркетинг негіздері:/- Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. 190 б
6.Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы.–Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет
Дәріс №2. Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары.
1. Нарықтағы сұранымға сәйкес маркетингттің негізгі тұрпаттары және түрлері.
2. ҚР маркетингінің қалыптасуы мен даму келешегі
Тақырып бойынша басты түсініктер: Стратегиялық, жедел маркетинг, идеялар маркетингі, ұлттық, ғаламдық, халықаралық, тұлғалық, эго маркетинг, тікелей, желілік, консервативтік, дамушы, ремаркетинг,синхромаркетинг, демаркетинг, қарсы маркетинг, ынталандыру, қолдау маркетинг.
1 Нарықтағы сұранымға сәйкес маркетингттің негізгі тұрпаттары және түрлері.
Маркетингке үдеріс ретінде ішкі екі жақгылық тән, ол маркетингтің сараптамалық және әрекеттік жақтарынан көрінеді. Осы екі аспектіге сәйкесінше маркетингтің: стратегиялық және жедел деген екі түрін бөліп керсетуге болады. Стратегиялык маркетинг - түтынуіпылардьщ қажеттіліктерін талдау негізінде бар нсәне әлуетті (потенциалды) нарықтарды айқындап, олардың тартымдылығын анықтау арқылы бәсеке қабілеттшігіне жету.Казақстандык біркатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың
маркетингтік қызметін талдау, олардын негізінен жедел маркстингті қолданатынын көрсетті. Бүл - нақты нарықтық жағдайда маркетингтік қүралдарын басқару, фирманың тауарға, өткізумен катар коммуникация саясатын үйымдастыру.
Жүзеге асыру шекараларына байланысты маркетиштщ үлттық (ішкі), халықаралық, ғаламды (глобальды) деген түрлері бар.
Тұлғалық немесе эго- маркетинг - накты тұлғаға қоғам-ның оң кезкарасын тудыру және оны демеуге бағытталған қызмет. Саяси қайраткерлер, әртістер, спортпшлар, адвокат-тар және бизнесмендер өзінің танымалдығын және имиджін көтеру мақсатында маркетинг әдістерін колданады.
Қазіргі кездегі маркетингтің маңызды түрі - идеялар маркетинг. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастыры-лады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байла-нысты болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік маркетингтің қарама-қайшы анықтамалары кездеседі. Кейбір мамандар оны әлеуметтік немесе коммерциялық емес салада марке-тингтің қүралдарын қолдану десе, ал басқалары - біртүтас әлеуметтік жүйедегі маркетингтік қызмет деп атайды. Біздің ойымызша, әлеуметтік маркетинг қоғам мүддесін ескере отырып жүзеге асырылатын және әлеуметтік қатынастар айналасындағы қажеттіліктерді
Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқты маркетиштің екі түрін айқындаймыз.
Соңғы жылдары Қазақстанда тікелей маркетингтің сан алуан түрлері белсенді дамуда, ол тауарларды телефон, теле-дидар, Интернет желісі және БАҚ-тың басқа түрлері, жаңа технологиялар көмегімен, сонымен катар таратып сату және дербес сату комегімен жүзеге асырылады.
Сұранымның нарықтағы деңгейі маркетингінің міндеттері мен мақсаттарын, деңгейін түбегейлі өзгерте алады. Сұранымның деңгейіне байланысты маркетингінің мынадай түрлерін айырады:
№
|
Сұранымның түрі
|
Сипаттамасы
|
Маркетингінің міндеттері
|
Маркетингінің түрі
|
|
Жағымсыз
|
Тауарды ұнатпайды, кәсіпорын шығынмен келіседі.
|
Нарықтың тауарды неге ұнатпағанын талдау қажет. Тауарды өзгерту, бағаны төмендету, ынталандыру шараларын күшейту
|
Консервативтік маркетингі
|
|
Жасырын
|
Тауар қалыптасқан сұранымды толық қанағаттандыра алмайды
|
Потенциалды нарықктың көлемін бағалап, сұранымды қанағаттандыратын тауар шығару.
|
Дамушы маркетинг
|
|
Құлдырап бара жатқан
|
Сұранымның төмендеуі
|
Себептерін талдау, өнімді ынталандыру, тауарды өзгерту
|
Ремаркетинг
|
|
Жүйесіз
|
Тауарды өткізу маусымға, сағатқа, күнге байланысты өзгеріп отырады
|
Сұранымның ауытқуын кемді бағамен
ынталандыру шаралары арқылы бәсеңдету
|
Синхромаркетинг
|
|
Тым артық
|
Сұраныс ұйымның қанағаттандыру мүмкіндіктерінен едәуір артық
|
Бағаны көтеру және сервисті қысқарту арқылы уақытша төмендету
|
Демаркетинг
|
|
Тиімсіз иррационалды
|
Адам денсаулығына зиян келтіретін тауарға сұраным
|
Адамдарды зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру, бағаны көтеру, сатып алу мүмкіндіктерін шектеу (18 жасқа дейін)
|
Қарсы маркетинг
|
|
Болмайтын
|
Сұранымның жоқтығы
|
Тауарға тән қасиеттерді тұтынушы және ықтимал тұтынушылардың пайдасымен байланыстыру әдістерін іздеу, өнімге деген көзқарасты өзгерту
|
Ынталандыру маркетингі
|
|
Толыққанды
|
Сұранымнын қазіргі деңгейі
|
Сұранымның деңгейін тұтынушының таңдауы өзгергені және бәсекенің күшеюіне қарамастан қолдау
|
Қолдау маркетингі
|
2 ҚР маркетингінің қалыптасуы мен даму келешегі
Қазақстандағы маркетингтід қалыптасу үдерісін сипаттай келе, оның өндірісті жоспарлау, сүрапысты зерттеу және болжау сиякты элементтері әкімшілдік-жоспарлы экономи-када да қолданылғанын атап өту керек. Маркетингке деген қызығушылық, ынта-ықылас 70-жылдары пайда болды, алғашында оның кагидалары кәсіпорындардың сыртқы эко-номикалық қызметінде пайдаланылды, ол отандык өнімнін шетелдік нарықтарға шығуына жол ашты.
Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және өндірістік өткізу қызметін басқару жүйесі ретінде республиканың нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты. 1991 жылдан бастап кәсіпорын-дар мен үйымдарда маркетинг бөлімдері ашылды, оған маркетолог мамандардың қызметі енгізіле бастады. Республика Президенті Н. Назарбаев 1994 жылы «Бүгінде басшылыққа кәсіпорынды үтымды жүмысқа алып шығатын бағдарламасы бар, маркетингті және әндірісті жаңғыртып, жетшдіруге кар-жы табу жолын білетін адамдар келуі тиіс»деп атап етті
Бірінші кезең шамамен 1991 жылы дами бас гады, огаи көптеген кәсіпорындардьщ коммерциялық және өткізуге бағытталған әрекет пен маркетингтің жекелеген элементтері мен қағидаларын пайдалану тән болды. Бұл кезеңде кәсіп-орындар өзінің өндірістік мүмкіндіктеріне қарай бейімделді, сондықтан да маркетингтің өндірісті басқарудағы ролі косалқы ғана еді.
Өндірістің өсуіне және де маркетингтің жүйелі тәсілдерін пайдалануға кедергі фактор - түтынушылардың төлем қабілеттілігінің темендеуі деп белгіленді. Халық түты-натын тауарлар негізінен орташа төлем қабілеті бар сатып алушыларға бейімделеді. Сатып алушы сүранысына тәуелділік өндіріс шығындарын азайтуға және соған орай бағаны түсіруге можбүрлейді.
Маркетинг көптеген кәсіпорындардың қызметін басқару жүйесі ретінде қазір әлі қалыптасу кезеңінде. Маркетинггік түжырымдаманы негізге алып қабылдаған компанияларда ол мақсатты іс-әрекет ретінде дамиды және жетіледі. Бүл не-гізінен шетелдік компаниялар, БК және нарыққа бейімделген кәсіпорындар.
2000 жылдан бастап маркетинг дамуының екінші кезеңі басталады, оған кептеген отандық кәсіпорындардың марке-тингке бейімделуі тэн. Нарықтағы бәсекенің, эсіресе оның бағалық емес тэсілдерінің шиеленісуіне байланысты, марке-тингтік кұралдардың қадірін саналы түрде жете ұғынып, пайдалану қажеттілігі пайда бола бастады. Маркетинг нашар да-мыған кэсіпорындар негізінен өз өнімдерін өткізу проблема-ларымен айналысады жэне маркетингтің ролін жете бағала-май отыр. «Маркетинг тұжырымдамасын кэсіпорын басшы-лығының негізін қалаушы ретінде қабылдадыңыздар ма?» леген сауалға «ФудМастер», «Филип Моррис», «Рахат», «PRG Bottlers» (Пепси), «Әсем-Ай» компанияларының маркетинг бөлімінің басшылары оң жауап берді. Оларда маркетинг жүйесі қалыптасқан және олар ендІ жетілдіру багытында дамып келеді.
«Алматы шайы», «Қарағанды конфеттері», «Бахус», «Қант орталығы» және «Баян сүлу» компанияларының маркетинг мамандары, олардьщ басшылары бүл түжырымдаманы әлі толық мақұлдамаған. Міне сондықтан осы компаниялар-дағы өткізу немесе тауарлық тужырымдамаға бейімделген маркетинг қалыптасу кезеңінде. Кептеген жағдайда мүндай тәсіл басшының маркетинга түсінбеуінен, оны түжырымда-ма және ойлау бейнесі ретінде қабылдау үшін жагдайлардың жоқтығынан болып тұр.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
Тауар немесе қызмет мысалында маркетингіні басқару процесінің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
Маркетинг бөлімдерін құрғанда ұйымдастырудың қай түрі жиі қолданылады? Оның қасиеттері қандай?
Маркетинг кешені деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |