Масалимова Эльмира Бидахметвона ШҚО, Семей қаласы



Дата21.10.2019
өлшемі18,95 Kb.
#50358
Байланысты:
Жанұя бақыты тренинг Масалимова Эльмира

Масалимова Эльмира Бидахметвона

ШҚО, Семей қаласы,

«Ер-Тан 1» шағын орталығы педагог-психологы,

Аналарға арналған тренингтер

Ата-аналарға тренинг «Жанұя бақыты»



Мақсаты: Отбасы тəрбиесіндегі ата-ананың балаға тəрбиелік ықпалын арттыру, тəрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тəрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тəрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Барысы: Танысу. Амандасу.

Жанұя бақыты: (жаттығуы) Ой жинақтау.

Тыныштық сəті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) Тілек шамы. (Қорытындылау)

Сəлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Жанұя бақыты» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.



Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі əке, ол əкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тəрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі əке -шешесінің қасында өтеді екен. Ал ата-ана сіздердің өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды əрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата -аналарға əрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.



І. «Танысу» жаттығуы

Ата-аналар өз есімдерін жəне баласының есімін айтып өз баласының бойындағы жақсы қасиеттерді атап айту.



2. Амандасу.

Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дəстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.



3. «Жанұя бақыты» жаттығуы.

Мақсаты: Ата-ананың бала тəрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу жəне отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

4. Ой жинақтау: Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.



I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. II-топ. Балаларды теріс əрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек. 5. Тыныштық сəті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі)

«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай жəне оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз жəне алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан жəне күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сəтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы əрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сəулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дəмі жəне бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып əлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!



Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз? 6. «Тілек шамы». (Қорытындылау)

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нəрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет