«Алтын күз»- ертеңгілігі
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар мұғаліммен бірге қолдарына жапырақтар ұстап кіріп, әуен арқылы жаттығу жасап орындықтарға жайғасады.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді.
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!-деп мерекемізді бастаймыз.Бүгін 1 А сынып білім алушылары мен 1 Ә сынып білім алушылары өзара сайысқа түседі.Сайыс 5 кезеңнен тұрады.Сайысты әділқазы алқасы бағалап отырады.Ортаға тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надежда Зинатоллаевнаны және мектеп психологы Айжан Канафияқызын шақырамыз.
Топтар өздерін таныстырып өтсін.
1 А.Топтың аты:Алма
Ұраны: Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқанға арнадым.
1 Ә.Топтың аты:Жүзім.
Ұраны: Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Менің атым-жүзім.
Мұғалім:Балалар,мен сендерге сұрақтар қояйын,сендер жауап беріңдерші.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күзде неше ай бар?
- Күзде үш ай бар.
- Атаңдаршы.
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күзде нелер піседі?
- Күзде жеміс - жидектер, көгөністер піседі.
-Біз олармен не істейміз?
-Оларды жейміз.
-Неге оларды жейміз?
-Өйткені олар дәрумендерге бай.Көп дәрумендер кездесетін тағамдардың денсаулыққа пайдасы көп. Біз жемістерді көп жесек, ауырмай, үлкен болып өсеміз.
-Өте тамаша,балалар.Бірінші кезеңді бастайтын уақыт жетті.
І кезең «Көгөністерді санау»
(Тапсырма орындалған соң қағаз әділқазылар алдына қойылады.)
ІІ кезең «Гүл» мозаикасын құрастыру қыздар арасындағы сайыс.
(Тапсырма орындалған соң қағаз әділқазылар алдына қойылады.)
Мұғалім: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз-дей тұрып ұлдардың биін тамашалауға шақырамын.
(Ұлдардың биі)
ІІІ кезең «Жұмбақ шешу».
1. Үстіне тігіп көк шатыр,
Жер астында қызыл дәу жатыр (Қызылша)
2. Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.(Пияз)
4. Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.(Қарбыз)
5. Жер астына түседі,
Сап-сары боп піседі.(Сәбіз)
6. Жап - жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,
Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр.(Қияр)
ІV кезең «Кірпі» мозаикасын құрастыру ұлдар арасында.
(Тапсырма орындалған соң қағаз әділқазылар алдына қойылады.)
Мұғалім: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз-деп ортаға мың бұралған қыздарды шақырамын.
(Қыздардың биі)
V кезең «Кім жылдам?» алманы қай команданың капитаны жылдам жеп бітіреді.
Мұғалім: Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
(Әділқазылар сөйлейді)
Мұғалім: Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігіміз аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.Тамашалағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |