Мектеп:
Мұғалімнің ТАӘ:
Пән: қазақ тілі
Сынып: 3 «»
1-4 сыныптарда оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі мектептердегі оқу бағдарламасы, Астана 2014
Қазақ тілі.Оқулықтың авторлары: А. Қайырбекова, Атамұра баспасы 2014ж.
Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
А: Ауыз екі сөйлеуді дамыта отырып, сабақта топтаса және жұптаса серіктесу, іздену, өзін-өзі бағалай алу;
В: Оқушылар қажетті ақпаратты іздеп, табуға, салыстыруға, қорытынды жасауға және диалог құрастыруға үйренеді;
С: Оқушылар мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды және диалог құрастырады, өз ойын айта біледі: топта серіктесу және шығармашылық қабілеттерін ашу.
Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасы
3 сынып І тоқсан - 36 сағат
|
І. Мен және менің отбасым. Отбасы мүшелерінің жұмыстары /14 сағат/
|
№
|
Тақырыбы
|
Оқып -үйренудің негізгі мақсаттары.
|
Жұмыстың белсенді формалары, модульдер.
Оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер мен стратегиялар
|
Күтілетін нәтиже
|
Ресурстар
|
Мерзімі
|
1
|
Отбасы мүшелері
|
Модуль б/ша оқушылардың сөздік қорларын қалыптастыру. Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Саналы білім алуға баулу ж/е өз бетімен жұмыс жасауға баңыттау.Отбасы құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Байланыстырып сөйлеу даңдыларын дамыту.Тәуелдік жалғау, сан есім, сілтеу есімдігін тәлдесімде дұрыс қолдана білуді меңгерту.
|
Модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту.
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар:
Сұрақ-жауап, ой-қозғау, ой-топтастыру.
|
1.Отбасы мүшелеріне байланысты сөздік қорын толықтырды .
2. Өз отбасы туралы айтты.
3. Өзгені де өзін де бағалай алды.
|
Оқулық, жазу дәптер-лері, үлестірме материал,маркерлер, стикерлер,флипчарт, постер, смайликтер , Сюжетті суреттер, электронды оқулық
|
|
2
|
Отбасында
|
Тақырып б/ша өздік қорларын қалыптастыру жетелеу. Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Отбасы ж/е отбасындағы қарым- қатынас жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу.Үлкенді құрметтеуге баулу.
Байланыстырып сөйлеу даңдыларын сөйлесім әрекеті арқылы дамыту.І, ІІ жақта сөйлеу дағдысын әрі жалғастырып дамыту.
|
Модульдер:АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: «Миға шабуыл» «Топтастыру»,«Салыстырмалы карта», «Бүгінгі күннің сөйлемі» рефлексия, , «Блум сұрақтары», Бағалау.
|
1.Тыңдағанына өз пікірін білдіре алатын болды. 2.Өзін өзі реттеді.
3.Әлеуметтенді.
|
Қима қағаздар, оқулық, постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта
|
|
3
|
Менің әкем
|
Тәуелдік жалғау туралы түсініктерін тереңдету.Жатыс септік жалғауының сүрақтарына дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Өз отбасы туралы әңгімені саналы түрде құрап айту қабілетін қалыптастыру.
Отбасындағы қарым -қатынас қандай болу керектігін түсіндіру. Отбасындағы әкенің атқаратын рөлі туралы әңгіме жүргізу.
Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жасау.Өз отбасы мүшелері жайында әңгімені жүйелі түрде дұрыс айтуға жетілдіру.
|
Модульдер:АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқудадағы басқару және көшбасшылық
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар:«Топтастыру», «Екі жұлдыз бір тілек», «Миға шабуыл», Бағалау, «АВС сұхбат» , «Алма ағашы», рефлексия,
|
1. Отбасы туралы білімдерін толықтырды; 2.Оқушылар өзара диалогтік қарым-қатынасқа түсті; 3.Ынтымақтастық орнады, өзгені де өзін де бағалай алды.
|
Плакат,бағалау парақтары,маркерлер, суреттер, интербелсенді тақтада таныстыры
лым, оқулық
|
|
4
|
Менің анам
|
Сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын молайту. Мысалдар келтіріп үйрену. Өз отбасы туралы қысқа әңгіме құрату."Ауызша сынақ " бөлімінде сұрақтарға дұрыс жауап беруге машықтандыру. Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізу. Отбасындағы ананың атқаратын рөлі туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу. Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жасау.Білім, білік даңдыларын әрі қарай дамыту.
|
Модульдер:АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Талантты, дарынды оқушыларды оқыту. «Сұрақтары бар қорап» әдісімен кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар өткен сабақ бойынша өз сұрақтарын қалдырады. Бұл сұрақтар сабақтың басында талқыланады.Жаңа сабақпен байланыстырылады.
«Бағдаршам»
әдісімен бағаланады.
|
1. Отбасы туралы білімдерін толықтырды; 2.Оқушылар өзара диалогтік қарым-қатынасқа түсті; 3.Ынтымақтастық орнады, өзгені де өзін де бағалай алды.
|
Интерактивті тақта,флипчарт,маркер,
постер, интербелсенді тақтада таныстырылым, оқулық.
|
|
5
|
Менің әпкем
|
"Отбасы" тақырыбында әр оқушыны өз білімдеңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу. Тәуелдік жалғауы туралы түсінікті
оқушы санасында берік қалыптастыру. Үлкенді сыйлау "сіз"деген сөздің мағынасын оқушыларға
жете түсіндіру. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.Сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
|
Модульдер:АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту.
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар:« «Сұрақтары бар қорап», «Сөйлемді толықтыру».
|
1.Зат есім туралы білімдерін толықтырды;
2.Әлеуметтенді;
3.Өзін-өзі реттеді;
|
Интерактивті тақта, сөздіктер,оқулық.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |