«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері.
Тақырыбы: «Денсаулық зор байлық».
Мақсаты:
Білімділік: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Баланың зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалаққа, мейірімділікке және ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, «Денсаулық бұрышы» слайд.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері:
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жеке тамыр жүйесі.
Денсаулыь – ол күлуің,
Көңіл-күйің жайдары
Денсаулық – ол жүруің,
Ешқай жерің ауырмай.
Сұрақ-жауап.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінде неше ай бар?
|
Күз
Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша
|
Ізденушілік ұйымдастырушы
Сергіту сәті
|
– Балалар, сендер қалай ойлайсындар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
– Зиянды әдеттерден аулақ болуы керек.
1. – Адам не үшін жуынады?
2. – Сендер қолдарыңды, беттеріңді қай уақытта жуасыңдар?
3. – Жуынбай жүрген бала қандай бала?
4. – Салақ бала неге ұшырайды?
Дидактикалық ойын.
– Тазалықтың достары мен қастарын айтайық. Суретпен жұмыс.
Жұмбақ шешу.
1. Одан кір қорқады,
Судан бұл қорқады / сабын /.
2. Жуынып болғанда,
Жүреді қолыңда / орамал /.
3. Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе
/ айна /.
4. Қалтамда жатыр тісі бар батыр / тарақ /.
Жүзе аласың ба?
Жүзе аласың ба?
– Ия, жүзе аламын.
Жүгіре аласың ба?
Жүгіре аласың ба?
– Ия, жүгіре аламын.
Ұша аласың ба?
Ұша аласың ба?
– Жоқ, ұша алмаймын.
|
– Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстауы керек.
– Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
– Дәрумені мол тағамдарды, жемістер мен көкөністерді жеу керек.
Суреттерді екі топқа бөліп қою.
Жұмбақтың жауабын суретпен салып көрсетеді. (игровизор)
|
Рефлексті коррекциялау
|
Көрініс: “Тіс ауруы”
Қоян: – Ой тісім қақсап барады, жанымды қоярға жер жоқ, - деп
дауыстап жылайды.
– Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты, қоянға не болған?
– Қоян жылама, қоян жылама?
Қасқыр: – Не болды, жасырма, айтшы өзің,
Неліктен ісінген бас көзің? Қоян: – Енді не істеймін?
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
– Онда дәрігер ағаны шақырайық.
Дәрігер ағамыз дәрімен емдейді.
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Кәдімгі мейрімді дәрігер ағамыз
Айтыңдар, кәнекей ағаны кім келмейді.
(Дәрігер ағаны шақырып келеді).
Дәрігер: – Кәне, аузыңды аш көрейін! (тісін емдейді).
– Кәмпит жесең көбірек,
Тісің жүрер мазалап.
Не жесең де күніне,
Екі рет жүр тазалап.
– Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін, тістеріңді күнде жуып, күтініп жүріңдер.
– Балалар қоянның тісін емдеген кім?
– Салауат ағай аңдардың, жануарлардың емшісі екен.
(слайдпен жұмыс)
Дәрумендер туралы мағлұмат беру (слайдпен жұмыс).
– Лимонда қандай дәрумен бар?
– Алмұрт пен алмада қандай дәрумен бар?
– Сәбізде қандай дәрумен бар?
Дидактикалық ойын.
«Дәм сезу»
Ойынның шарты: бір бала ортаға шығады. Оның көзін байлап, кез келген бір жемістің дәмін татқызады. Бала қандай жеміс (алма, банан, қиыр, сәбіз, жүзім т.б.) екенін табуы қажет.
Есіңде сақта: егер де денсаулығың мықты болсын десең, әрдайым жемістер мен көкөнісертерді жуып жеп жүру керексің.
Балаларға тазалық туралы тақпақтарын айтқызу.
– Балалар, деніміз сау болу үшін қандай ережелерді сақтауымыз керек?
|
Балалар көрініс қояды.
– Салауат ағай.
– Лимонда С дәрумені бар.
– Алмұрт пен алмада В дәрумені бар.
– Сәбізде А дәрумені бар.
1. Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
2. Жақсы бала ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3. Жаман бала құрысып,
Өз-өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
4. Аяқ-қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Салдыр-салақ болмағын,
Саусағынды сормағын.
– Ұқыпты, таза жүруіміз керек.
– Әрдайым спортпен шұғылдануымыз керек.
– Дұрыс тамақтануымыз керек.
– Күніне екі рет тісті жуу керек.
– Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.
|
Күтілетін нәтиже:
Бала келесілерді білу керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.
Балада мыналар болу керек: Баланың есте сақтау зейіні, ойлау, тілдік және сөздік қоры, байланыстыра сөйлеу т.б.
Баланың мыналар қолынан келуі керек: Сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау.
Астана қаласы №36 «Балапан» балабақшасы
«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының
Қауіпсіздік мінез-құлық негіздерінен
ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Ә.Қ.Тайжұманова
2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |