Тақырыбы: «Алтын күз» Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын Күз»



Дата07.02.2022
өлшемі378,15 Kb.
#91654
Байланысты:
күз т
күз т, күз т, 18.05.2020 Нархоз инф.запрос статус Старая база, stud.kz-43495, Жаңа жылдық сценарий қысқа, 6 саны




Тақырыбы: « Алтын күз»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

  • Қараңдаршы, балалар , бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.

  • Қолымызға не ұстап келдік?

  • Жапырақтар.

  • Осы жапырақтардың түсі қандай?

  • Сары.

(Осы кезде сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
-Балалар,тындаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме куаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Тәрбиеші: Күз ханшайымының бізге арнаған биі бар екен.
Күз ханшайымы: Ия,балалар бәріміз бірге билейік.
Күз ханшайымы: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл,
Түссе-сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмаларымды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар сізге арнап Күз туралы Күзгі жапырақтар биін дайындады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Күз ханшайымы: Міне Күз ханшайымының бірінші тапсырмасы –сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? ( Ерте күз, алтын күз, қара күз)
Тәрбиеші:Ал Күз ханшайымы енді біздің балалардың тақпақтарын тындайық.
Жұматай Айша: Жайдарлы күз, алтын күз,
Аяулы күз, жарқын күз,
Дәнге толып ен дала
Дариядай шалқар күз!
Даниал: Күзім-ау,күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау!
Диас: Еңбек қызып қырларда,
Бидай толды қырманға.
Алтын таулар секілді,
Сап-сары боп тұрғанда.
Ай-Мұхаммед: Қосып білім нұрға-нұр,
Біздер бүгін жарқынбыз.
Басы оқу жылының,
Берекелі Алтын күз!
Дамир: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Эмилия: Күздің сыйын алайық,
Қызығына қарайық.
Күзге арнап бәріміз,
Әнімізді салайық!
Ән: «Күз-Тамаша!»
Күз ханшайымы:2-сұрақ: Күз айларын ата. (қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
Нұрасыл:(қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң тұр билеп
Құс шарлап аспанды.
Сезім:(қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
Димаш:(қараша)
Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Қарашы өрледі
Қараша ән салып.
Тәрбиеші:Ал, Енді балалардың Евгения Александровнамен орындауында Ах, какая осень әнін қабыл алыңыз
Тәрбиеші: енді біздің қалған балалардың тақпақтарын тындайық.
Даниар: Егінді елі жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Айша Тойлыбай: Дала сары киінді,
Самал соқты салқандау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын-астық, алтын-тау.
Арлан: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Айсұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап!

Санжар: Алқаптан бидайды,
Қоймаға жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Тәрбиеші: Рақмет,балалар
:3-сұрақ; Кане, балалар,осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ойын «көкөністер мен жемістер».
Сыйлық тарату
Күз ханшайымы: Ал енді мен қайтайын, тағы аралайтын жерлерім бар, сендер сияқты тағы да алтын күз мерекесін тойлатқан елдерге барып қуанышымды жалғастырайын. Қош сау болыңдар!
Тәрбиеші: Алтын күз өзінің халыққа берер керемет сыйларының тамаша өнерлеріне дән риза болып аттаныпты. Алтын күзде жүздескенше!
осымен ертеңгілігіміз аяқталды назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет