Мақсаты: Білімділік



бет2/6
Дата05.09.2020
өлшемі29,28 Kb.
#77264
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ

Сахнаға арақ шығады: Әй, Адам, сен күйінбе. Иә мына мені ішіп ал, жаныңа рахат аласын. Қарашы,  мен қандай мөлдірмін! Мына мені ішсең, бар ғой, көңіл күйің көтеріледі, қайғы-шердің бәрінде ұмытасың. Мә, мені ішіп ал.

1 оқушы: Тоқтат, арақ, адамды азғырма. Арақ-ол спирт ішімдік. Ол адам ағзасын ірітетін зат. Спирттің құрамында адамға зиянды улы заттар көп. Біздің ағзамызда қанға өткен қажетсіз өнімдерді сүзіп алып несеп жасайтын сүзгіміз бар, ол – бүйрек. Сол сияқты адам ағзасының зертханасы деп аталатын бауырымыз бар. Міне спирт алдымен бауырды, содан соң он екі ішекті, асқазанды, әрі қарай бүйректі, жүректі, қан тамырларын зақымдайды және  адамның жүйке жүйесіне қатты зақым келтіреді. Ең соңында орын толмас қайғыға әкеліп соқтырады. Сондықтан, адамдар, арақтан аулақ болыңдар. Кет, жоғал арақ! Адамның өміріне араласушы болма!

   Темекі: Ал мен өте әдемі және тартымдымын, ісім қандай жағымды десеңші, шіркін! Эй, адам шегіп ал да бар шаршағаныіңды ұмыт, рахатқа бөленсеңші. Менің досым болуға келісесіңбе, Адам? Менің досым болшы.



2-оқушы. Тоқтат, темекі, өзіңнің уағызыңды!

Темекі шегу – бұл халықтың арасында тараған зиянды әдет және де ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. «Әрбір тартылған темекінің талы адам өмірін сегіз сағатқа қысқартады» деп есептейді ғылымда. Үздіксіз темекі шегетін адамның өқпесі бір жылда 1 литр смола, яғни шайыр жиналады екен. Сонымен қатар темекі түтінінде никотын сияқты улы заттар болады. Ол заттар қан тамырларын тартылып, тамырлар арқылы қанның жүруін қиындатады. Адамды өкпе туберкулезі,  өкпе рагі, сол сияқты тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдықтырады. Сен, темекі, адамнан аулақ жүр!



Насыбай: Әй, Адам, «Теңгем де жоқ» деп отырсың ғой, онда менің құным ештеңе де тұрмайды. Мә, мына мені ал да аузыңа салып ат. Көңіл күйің көтеріліп масаң қалыпқа енесің, бәрін де ұмытасың.

3-оқушы:Тоқтат, насыбай! Тоқтат сасық әңгімеңді! Адам, сен насыбайға жолаушы болма! Оны адамдар әк қосып істейтінін білетін шығарсың. Әк – ол кальий оксиді, өте күйдіргіш.  Насыбайды шеккен кезде кальций оксиді адамның  тыныс жолдарын, ас қорыту жолдарын баяу күдіреді, алуан түрлі  ісік ауруларына әкеледі. Ауызға насыбай салып алу – өте мәдениетсіздік. Былшылдап айналаңа түкіре берсең, басқа кісімен сөйлескенде аудың насыбай сасып тұрса оданда өткен сорақылық жоқ емес пе?!

Сондықтан насыбайға жоламаңдар.



Наша: Бәрінен де мен күштімін! Көңілі құлазыған, ісі еріккен, байлықтан басы айналған адамдар үшін ең рахаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені ішкенде немесе пайдаланғанда күш-жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Өміріңдегі барлық қайғы-мұңды ұмытасың, тіптен мүлдем ойламайсың. Әй, Адам, келе ғой, менімен дос болшы, мен сені еш уақытта да тастамаймын.

4-оқушы:Тоқтат, тоқтат, наша, сиқырлы әңгімеңді! Еліміздің экономикасы дамыған сайын есірткі заттардың да түрлері көбейіп кетті. Нашақорлықтың, нашақор адамдардың болашағы жоқ, келешегі күңгірт. Есірткі заттар – адам ағзасын, жүйкесін тіпті шашынан тырнағына дейін уландыратын ең күшті улы заттар. Ең жаманы – нашаға тәуелді болып қалу. Нашаға тәуелді болып қалу – ол сенің болашағыңның балталанғаны деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет