Мақсаты: Білімділік


-оқушы: Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз



бет5/6
Дата05.09.2020
өлшемі29,28 Kb.
#77264
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ

7-оқушы: Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз: жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.

Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз: жүйріктік, жинақылық, жасампаздық, жүзгіштік, жылдамдық.

Айгерім: Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз: ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрлық, зорлық.

Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз: кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім ғылым.

Біз – болашақтың гүліміз.

 Біздердің тақырыпты бұлай алып отырған себебіміз, бізден басқа ешкім болашаққа таза жүрекпен қарай алмайды деп ойлаймын.

        Қазір көп ересек адамдар жаман әдеттерден арыла алмайды. Соларға қарап жасөспірімдер үлгі алады. Біздің сана сезіміміз жетілгенде қайсы жаман, қайсы жақсы екенін білеміз. Егер біз жаман әдеттерден аулақ болсақ, онда бізден кішкентайлар үлгі алып, осындай әдеттерден аулақ болады.

       Енді ғана бүршік жарып, қызғалдақтай құлпырған өзімізді гүлге теңеймін. Сол гүлдердің жайқалып өсуі үшін не қажет, не зиян, не істеу керек?

        Мәселен, гүл. Егер гүлді суармасақ, ол солады. Адам да сол сиқты Адамды бұзатын жаман әдеттер: темекі, арақ, есірткі.

Темекі өкпеге зиян. Оны тартқанда адамның аузына түтін кіріп, түтіні өкпенің тесіктерінде тұрып қалып, темекі түтінінің күйесі адамның өңешіне жиналып, адам нашар дем алатын болады.

Арақ ішсең, бауырларыңды ірітіп жібереді. Бауыр – ұйып тұрған қан.

       Міне, осындай жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашақта деніміз сау, салауатты азамат болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші болып қаланарымыз сөзсіз. Мен оқушыларымды осындай жаман әдеттерден аулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре білуге шақырамын, өйткені біз-болашақтың гүліміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет