Сабақ тақырыбы Жүректің құрылысы мен қызметі Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата06.07.2018
өлшемі1,35 Mb.
#47822
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Биология



Мұғалім

Оспанова Айжан

Мектеп, сынып

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, №68 мектеп-интернат-балабақшасы жалпы білім беру кешені, 8-сынып

Сабақ тақырыбы

Жүректің құрылысы мен қызметі



Сабақтың мақсаты:

оқушыларға жүрек, оның құрылысы мен қызметі жөнінде айта отырып, олардың айырмашылықтарын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

1. Жүректің құрылысы мен қызметін анықтай алады.

2. Жүрек жұмысына сипаттама бере алады.

3. Жүрек құрылысын, қызметін және реттелуін біледі.


Сабақтың түрі:

жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері:

бірлескен топпен жұмыс, миға шабуыл, оқытудағы әңгімелесу, ойлан-жұптас-бөліс.

Сабақтың пәнаралық байланысы:

медицина, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар, оқулық т.б.


Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен сәлемдесу;

- сынып оқушыларын түгелдеу;

- оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық. «Жүректен жүрекке».

Бір-бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік. (әр топ жүрекке тілек жазып береді)

Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1, 2, 3 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 3 топқа бөлінеді.

Топ аттарын болжау әдісі арқылы анықтау. Әр топқа топ аты туралы анықтама жазылған парақ таратылады. Оқушылар оқып, топ аттарын анықтайды.

1. Бұлар ядросыз қан жасушалары.Оларда ерекше нәруыз гемоглабин болады. Негізгі қызметі – оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау осы гемоглабин арқылы іске асырылады. Олардың тіршілік ұзақтығы шамамен 120 күн. (Эритроциттер)

2. Бұлар ядросы бар белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары. Тіршілік ұзақтығы 2 – 4 күн. Негізгі қызметі – организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау. (Лейкоциттер)

3. Бұлар қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Негізгі қызметі – қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысады. (Тромбоциттер)

1-топ: Эритроцит.

2-топ: Лейкоцит.

3-топ: Тромбоцит.
Топ басшыларын сайлау. Топ басшыларына бағалау парағын тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап доминосы.

Оқушыларға сұрақ-жауап жазылған үлестірме таратылады, бірінші оқушы қолындағы сұрақты оқиды, оның жауабы басқа оқушыда, ол жауапты, сосын сұрақты оқиды, осылай жалғаса береді. (әр оқушы өзінің жұбын табады, егер дұрыс шешілсе сабақ тақырыбы шығады)



1. Сұрақ: адамның қан тобының саны?

Жауап: 4.

2. Сұрақ: қанның түссіз жасушалары?

Жауап: лейкоциттер

3. Сұрақ: қанның мөлшері қанша?

Жауап: 4,5-5 л.

4. Сұрақ: фагоцитоз процесін ашқан ғалым?

Жауап: И.И. Мечников.

5. Сұрақ: Иммунитеттің неше түрі бар?

Жауап: 3 туа пайда болған, жүре пайда болған.

6. Сұрақ: Барлық топтарға қан бере алатын адам?

Жауап: әмбебап донор.

7. Сұрақ: қан ұйымайтын ауру?

Жауап: гемофилия.

8. Сұрақ: Қан плазмасындағы нәруыздарды ата.

Жауап: альбумин, глобулин, фибриноген.

«Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу.

«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупы азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады. (осы жерді шығару керек оқушыға беру керек)



«Жұмбақ ғалым» сөзі: «Жүрек -басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді», «Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады» оқушылар қандай ғалымның сөзі және қай еңбегінде жазылғандығын айту керек.

«Қайырымды қала».


III. Жаңа сабақ мазмұны:

Зерттеу.

Оқулықпен жұмыс (Оқушыларға оқулықпен іздену үшін, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту мақсатында тірек сөздер жазылады. Оқушылар бұл тапсырманы топпен орындайды. Тірек сөздердің мағынасын ашу үшін, ол туралы білімдерін жетілдіру мақсатында кітаппен жұмыс жасайды)

Тірек сөздер: (әр топтың алдына таратылады).

1-топ. Жүрек құрылысы:

- 250-300;

- жүрек қабы;

- 3;

- оң, сол жақ;

- О2, СО2;

- жүрекше, қарынша;

- қақпақшалар.

2-топ. Жүректің жұмысы:

- 3;

- 0,1;

- 0,3;

- 0,4;

- 70-75 рет;

- Жалпақ жасуша;

- Автоматия;

- 120-150 рет.

3-топ. Жүрек жұмысының реттелуі:

- Сопақша ми;

- Парасимпатикалық;

- Симпатикалық;

- Адреналин;

- Тироксин;

- Вазопрессин;

- К;

- Са.
Жүректің құрылысы туралы видео көру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет