5-оқушы. Денсаулық: Ей, жауыздар! Сырты жылтын, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер. Кетіңдер. Кетіңдер әрі, аш қасқырдай анталайсыңдар ғой келіп. Менің Адамымның алда көрер қызығына сендер неге кедергі боласыңдар. Егер сендерге еріп, сендермен дос болса, адамның өмір есігін ашатын болашақ ұрпағы қандай болмақ? Егер бұл адамның жеңіл өмір іздеп сендерге еріп кетсе, онда ол ертеңгі ұрпақтарына қалай жауап береді.?
Тапсырма: Мақалдардағы жоқ сөзді тауып, сол сөздің орысша,ағылшынша баламаларын айту.
Ауырып ем іздегенше , Ауырмайтын … ізде (жол-дорога-road)
Ішпеген, шылым шекпеген, Жасайды …дар көптеген.(жыл-год-year)
Қайғы қартайтады. …. марқайтады(қуаныш-радость-joy)
Адам арақты ішеді, Арақ …ды ішеді. (ақыл-ум-mind)
Жасында …сін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан (темекі-сигарет-cigarette)
Бас аманда мал тәтті, … ауырса жан тәтті.( бас-голова-head)
Достарыңызбен бөлісу: |