2-жүргізуші : Олай болса Қайсар мен Әлиханның орындауында «Бастауыш мектеппен қоштасу» әні
Ән: Бастауыш мектеппен қоштасу»
Слайд: «Мектептегі мерекелер».
1- жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.
2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән: «Ата-әже»
1- жүргізуші:
Биді жақсы көретін.
Оқушыларымыз бар біздің
Би: «Мен қазақпын»
2- жүргізуші:
Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Айша мен Бекханның орындауында: «Бастауышпен қоштасу» әні
І жүргізуші: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
ІІ жүргізуші: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
1 жүргізуші:
Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
ІІ жүргізуші: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
І жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
ІІ жүргізуші: Келесі кезекті сөз 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға беріледі.(оқушыларға дипломдар тапсырылады)
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің
Құрметті менің оқушыларым, балаларым, сендер үшін бүгін ерекше күн. Өйткені сендер бастауыш мектептегі сәби шақтағы өмірдің келесі баспалдағына оқу, білімді тереңдету, іздену жолына жетелейтін орта буынға аяқ басып отырсыңдар! Ендеше орта буындағы оқуларына сәт сапар тілеймін!
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
хормен Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым !
1-жүргізуші: Осымен «Қош, бастауышым бал бұлағым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |