Туысы: Граб – Carpinus (L.). 1. Кәдiмгi граб – Carpinus betulus (L.) –
Граб обыкновенный. Желегі дөңгеленіп кең жайылған, биіктігі 20 - 25 м –
ге, диаметрі 40 см-ге дейін жететін әдемі ағаш. Жапырағы кезектесіп
орналасқан, пішіні сопақ, ұзындығы 4 - 15 см, ұшы үшкір, түп жағы
дөңгеленген, жиегі тісті, жапырақтың екі беті де жылтыр, түсі қою – жасыл.
Күзде тез сарғаяды. Бірүйлі өсімдік. Аталық және аналық гүлдері бөлек -
бөлек сырғада орналасқан. Аталық сырғаларының ұзындығы 3-5 см. Жемісі –
біртұқымды қырлы жаңғақ. Жыл сайын мол өнім береді. Тұқымы қыркүйек –
қазан айларында піседі. Гүлдеу мерзімі – сәуір – мамыр айларында. Қабығы
жылтыр, діңі қырлы, ашық – сұр түсті. Бұтақтары жіңішке, жас өркендерінде
сүйелдері бар. Грабтың сүрегі өте қатты, мықты болады, ағаш өнімдерін
жасайтын шеберханаларда қолданылады. Ол өте көлеңкеге төзімді және
көбінесе екінші қабатта өседі, әдетте 100 – 150 жыл өмір сүреді. Топырақ
жағдайына талғампаз, қышқыл, батпақтанған топырақты қаламайды. Баяу
өседі. Граб топырақты жақсартатын ағаш ретінде бағаланады. Желегін
қырқып, түзеп, әртүрлі пішінге келтіре беруге болады. Таралу аймағы:
Ресейдің батыс еуропалық бөлігінде, Орта және Батыс Еуропада таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |