Мақсаты: Жабық тұқымдылар жүйесі, қос және дара жарнақтылар бөлімін, оларға кіретін кластарды білу. Сұрақтар



бет2/16
Дата11.05.2022
өлшемі87 Kb.
#142558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс 5 Дендрология

Қос жарнақтылар (Magnoliopsida) тұқым ұрығында 2 тұқым жарнағы
болуымен, өткізгіш шоқтарының ашықтығымен, негігі тамырдың бүкіл
тіршілік бойы сақталуымен, жапырақтарының тор көзденіп, гүлдерінің бес,
төрт, екі немесе көп түртекті құрылысы болуымен сипатталынады. Бұл
класқа жабықдәнді өсімдіктердің 180 мыңға жуық түрі жатады.
Дара жарнақтылар (Liliopsida) ұрығында бір ұрық жарнағының
болуымен, жабық (камбисіз) өткізгіш шоқтарымен, негізгі тамырдың ерте
солуымен және қосалқы тамырлардың дамуымен, жапырақтарының
пареллель немесе доғаланып жолкеленуімен, гүлінің үш мүшелі
құрылысымен ерекшеленеді. Даражарнақтылардың арасында кездесетін,
қайтадан пайда болған ағаш тектес формалары діңдерінің жуандану тәсілі
бойынша, қосжарнақтыларға қарағанда, мүлде басқаша сипатталынады.
Даражарнақтылардың 60 мыңға жуық түрі бар. Жіктеушілердің басым бөлігі
даражарнақтылар қосжарнақтылардан эволюцияның ерте сатысында пайда
болған, ал кейіннен екі класс тәуелсіз және паралелль дамыған деп санайды.
Жабықтұқымдылардың көптеген филогенетикалық (табиғи) жүйелерінің
ішінде ең алдыңғы қатардағысы деп ботаник академик А.Л. Тахтаджян (1966,
1970, 1987) дайындаған жүйе саналады. А.Л. Тахтаджян жүйесі бойынша қосжарнақтылар класында 7 класша болады: Magholiidae, Ranunculidae, Hamamelididae, Coryophullidae, Dilleniidae, Rosidia, Asteridae. Даражарнақтылар 3 класқа бөлінеді: Alismatidae, Liliidae және Arecidae Әр класша шегінде оның тұқымдастары ретке, біріктірілген реттер-ретшеліктерге. Қосжарнақтыларда 71 реттер, 20 ретшілдіктер болса, даражарнақтыларда 21-реттер мен 8 ретшілдіктер бар. Саны бойынша алғашқы ретшілдіктерге ең қарапайымдылаулары, ал соңғыларына филогенетикалық жағынан ілгерілегендері жатады. Жабықтұқымдылардың ішінде ағаш және жартылай ағаш тектес (жартылай бұтақшаларсыз) өсімдіктердің 100 мыңға жуық түрі бар екенін ғана айта кетеміз. Олардың 92 мыңнан артығы қосжарнақтыларға жатады. Даражарнақтыларда ағаш тектес формалар (қайтадан пайда болғандар) толығырақ Пальма (Arecales) 3000-ге түр жуықтап, Пандандықтар (Pandanales) 800- ден артық түрі және т.б. келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет