Қотыр қайың (B pendula) - Қазақстан ормандарындағы қайыңдар
формациясын құрастыратын маңызды түр. Биіктігі 25-35 метрге және
диаметрі 0,6-0,9 метрге жететін ірі ағаш. Бөрікбасы жалпақ, жұмыртқа–
конус тәрізді, бұтақтарының ұшы көбінесе салбыраңқы. Жас өсімдіктердің
діңдерінің қабығы тегіс, қола-мыс реңді, егделерінде (бұл қайың 120-150
жыл тіршілік етеді) діңдерінің төменгі жағындағы қабығы қалың терең қара
сызатты, ал жоғарғы жағы ақ, тегіс, жапырақ тәрізді тозбен қапталған. Оның
аясында бойлық немесе ромбы тәрізді бойлық қара сызаттар жақсы
байқалады. Бүршіктері ұсақ, қоңыр, үшкір жұмыртқа тәрізді, сәл жабысқақ.
Жас ағаштардың өркендері мен балапан бұтақшаларында түрпілі көптеген
сүйелдер болатындықтан, ондай қайыңды сүйелді деп атайды.
Жапырақтарының ұзындығы 4-7см, ұзынша сағақты, балапан бұтақтарында –
үш бұрышты, қысқа сағақтағылары-жиі ромбы тәрізді, ұшы созыңқы, шеттері
бірдей емес қос ара тісті, жалаңаш, үстіңгі беті сәл жылтырлы, күзде
сарғылттау; сағағының ұзындығы 2-3 см.
Қотыр қайың
1-жапырақты өркен гүл шоғырымен; 2- бұтақ жеміс сырғашығымен, 3-екі қанаты мен жеміс қауызы
бар тұқымша, 4- тұқым жарнақтары мен ювенилді жапырағы бар өскін.
Мезофит болғандықтан, қайың құрғақ кездерді өткеруге қабілетті
келеді. Су тапшы кезде оның жапырақтары сарғаяды және түсе бастайды.
Нәтижесінде булану беті кемиді де, өсімдік құрғақшылыққа төтеп береді.
Қайың өте жарық сүйгіш, оның бөрікбасы селдір, жарықты жақсы өткізеді,
қайың жиілігі тез селдірейді. Міне, сондықтан қайыңдықтардың
бүркемесінде басқа ағаш тектестер жанданады және шөптесін бүркемесі қою
(отты) болады.
Қотыр қайың топырақ құнарлығына орташа талап қояды. Ормандарда ол
өте құнды топырақ жақсартқыш болып саналады. Қайың орманның белсенді
құрауышы (пионері) қарағай және жалпақ жапырақты ағаштар кесілген
жерлерде тез өсіп шығатын тұқымдық. Қайың орман өнеркәсібінің кең
ауқымды шикізат негізін (базасын) құрайды. Қайыңның әсіресе ағаш сүрегі
өте құнды: ол ядросыз, сарғылт-ақ, шашыраңқы-саңылаулы, өзекше
сәулелеріне жылтырлық тән, мықты, серпімді, қатты. Қабығынан
тазартылған және құрғақ жерде сақтағанда қайынның ағаш сүрегі өзінің
сапасын ұзақ сақтайды, ал қабығымен қалдырғанда саңырауқұлақтар тез
бүлдіреді.
Қайың ағашын үйеңкі, жиһаз және т.б. өндірістерде кеңінен қолданады.
Одан құрғақ айыру арқылы сірке қышқылын, ағаш спиртін және көмір алады.
Қайың ағашының жылу шығарғыш қабілеті өте жоғары. Бүршіктері мен жас
жапырақтары медицинада жапырақты өркені монша сыпырғышын
дайындауға қолданылады.
Қайыңның шырынының қозғалуы өте айқын байқалатындықтан сол
арқылы фенологиялық көктемнің басталғанын белгілейді. Жарақаттанған
жерден аққан шырында 2 пайызға дейін қант болады, дәмі сүйкімді сусынды
жақсы қандырады, емдік қасиетке ие. Қайыңның діңінде Inonotиs obliguus
саңырауқұлағы туындататын - ірі сүйелдер-бұлтықтар (қайыңның қара
саңырауқұлағы) пайда болуы мүмкін. Бұлтықтың (сүйелдің) беті шытынаққы,
арасында қайыңның ақ қабығы көрінеді, қара түсті болады. Сүйелді халық
емінде кеңінен қолданады, ал Сібірдің солтүстік ауданының тұрғындары оны
кәдімгі отын орнына пайдаланады.
Қайыңдар Солтүстік облыстарда егін қорғау жолақтарын жасауда
кеңінен қолданады. Қайыңның көгалдандырудағы да, әсіресе қотыр
қайыңның маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |