2. Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары
Апта
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саны
|
Чат-сабақ бойынша
|
1
|
Тақырыбы: Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері. Мұғалім ұстанымы. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім.
|
2
|
2
|
. Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Метатану дағдылары.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: Ынтымақтастық пен өзара іс – әрекеттегі жұмыс.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: Диалогты оқытудың маңызы
|
1
|
5
|
Тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық
|
1
|
8
|
Тақырыбы: Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
|
1
|
9
|
Тақырыбы: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды қолдану
|
1
|
Форум бойынша
|
1
|
Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік орталығының оқыту қағидаттары мен әдістері
|
2
|
2
|
Тақырыбы: . Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуінің Бронсондық моделі
|
2
|
3
|
Тақырыбы: Топтық жұмыс қиындықтарын шешу мәселелері
|
2
|
4
|
Тақырыбы: Диалогты оқытуды айқындайтын салалар
|
2
|
5
|
Тақырыбы: Сөйлеу техникалары
|
2
|
6
|
Тақырыбы: Дарынды және талантты балаларға мұғалім ұсынатын тапсырмалары.
|
2
|
7
|
Тақырыбы: Танымдық даму және жас ерекшеліктері
|
3
|
8
|
Тақырыбы: Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
|
3
|
9
|
Тақырыбы: Іс-әрекеттегі зерттеуді қолдау.
|
3
|
|
Барлығы
|
30
|
Студенттің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№
|
Өзіндік жұмыстардың тақырыбы
|
Сағат саны
|
|
Тақырыбы: Мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындау мәселелері
|
1
|
|
Тақырыбы: Диалогты оқыту теориясы
|
1
|
3.
|
Тақырыбы: Дарынды және талантты балаларға мұғалім ұсынатын тапсырмалары. Экстернат.
|
1
|
4.
|
Тақырыбы: Танымдық даму және жас ерекшеліктері. Метасана
|
1
|
5.
|
Тақырыбы: Тәжірибенің өзгеруі мен білімнің жинақталуы. Ұжымдық іс-әрекет
|
1
|
6.
|
Тақырыбы: Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
|
1
|
|
Барлығы
|
6
|
4.Глоссарий
5. Дәрістер жиынтығы
№1 дәріс
1-дәріс. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері. Мұғалім ұстанымы. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамытуолардыңбұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерініңбілімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (2-сурет). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен де гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасын, шешімін және іс-әрекетін нығайтады.
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
Оқытудың кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік қасиет – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалімнің жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі, т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері, тәсілдері және т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету, т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады (1-кесте).
1-кесте: Шульман ілімі.
Мұғалімнің көмекшілері
|
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
|
Бас
|
Кәсіби түсінік
|
|
Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
|
Қол
|
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
|
|
Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
|
Жүрек
|
Кәсіби тұтастық
|
|
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Мұғалімдер білім беру саласындағы өзге мамандармен өзара тығыз байланыста болып, оқытудың басты құндылықтарын сезініп, қабылдау мен тұжырымды пікірлерді бөлісуде ұтымды әрекеттер мен шынайы қарым-қатынас қалыптастыра алады.
|
Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
2-дәріс. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Метатану дағдылары
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсінуді (Vygotsky ,1978 , Wood 1998) осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер»негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу»,метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.Жеті модуьдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз,себебі олар әлуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасу жәнне мұғалім мен оқушы арасындығы диалогтің шәкірттерді өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады.Метатануға танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану,соның ішінде қатесін танып –білу және ойлаужы бақылау деген анықтама беруге болады.
Флейвелл(1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастығы балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар беріледі.Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті.Он бес секундтан кейін балалардан осы реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды.Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса,ол үшін күш салу керек екендігін түсінді.Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін есте сақтады.Ал неғұрлым кішірек балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан,еске сақтай алмады.Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс орындап шықты.Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын тиімсіз пайдаланады.Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік тапшылығы» деп сипаттайды.
Метатану аспектілерін сиппаттау
Өз жұмысының нәтижесін де Флейвелл метатануы өлшеудің үш құрылымын сийпаттай отырып,балалар метатанудың мониторингі мен талдауының негізін анықтады:
Білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі
Мақсаттар мен тапсырмаларды білу,түсіну және бағалау
Тапсырманы орындауға қажеті статегияларды білу және оларды бақылау.
Бірінші өлшем жеке білімге қатысты:өзін оқушы ретінде тани отырып,бала,мысалы,өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді,оқу үдерісінде не ұнайтынын,не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды.Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқына қатысты таңдауы,кушті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.
Флейвеллдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған,ол оқушының өз мақсаты мен тапсырманы білу,түсіну және бағалауды қамтиды.Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделірек деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.
Сондай-ақ үшінші метатанымдық құрылымы Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды.Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады.Түрлі тәсілдедің салыстырмалы түрдегі тиімділігі бағаланып,оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді.Оқушылардың таңдауы мүмкін тәсілдерінің біреуі-бсқалардың білім аясы кеңірек болу мүмкін деген жеке көзқарасына байланысты олардан қөмек сұрау.
Табыс,ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан,метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман(1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге назар аударды.Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды.Оқу удерісінің табысты болуы ынталандыру,әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен метатанымдық білімге байланысты.
3-дәріс. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс
Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.
Бірлескен оқудың мәні
Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысу кезінде тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу форматында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарында жұмыс істейтін оқушылар өзінің сыныптарымен анағұрлым қанағаттанатын сияқты болып көрінеді.
4-дәріс.Диалогтік оқытудың маңызы.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады.
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.
Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Мектептегі практика кезінде 8- сыныпқа өткізген сабақтарымда көрініс тапты. Сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ - жауап, тексеру сұрақтарын дайындадым. Химияда негізгі ереже – химиялық формулалар мен химиялық реакциялар. Химиялық тілде сөйлеуге дағдыландыру, формулаларды сөйлету.
Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді.
Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым.
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме - мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан.
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Мысалы, дәреже дәреженің анықтамасы, одан шығатын тұжырымдамалар, қасиеттері туралы тапсырмаларды шешуде оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді.Кластеге түсіріп, тақырыптарын қорғады.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаландым.
Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мысалы: 1. 5Н2О қалай оқылады?
А) Судың 2 атомы
Б) Судың 2 молекуласы
Ә) Судың 5 атомы
В) Судың 5 молекуласы
2. Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар. M(MgSO4)=?
А) 120
Ә)130
Б)100
В)85
Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?
Мектептегі тәжірибе кезеңінде мен 8 - сынып оқушыларымен химия пәні бойынша сабақ өткіздім. Сабақ өткізгеннен кейін оқушыларға қойылған сұрақтардың түрлеріне тоқталар болсам, мысалы,
- Моль деген не?
- Молярлық масса деген не?
- Авогадро саны деген не?
деген сұрақтарға жауап алған соң ғана, осы тақырыптардың есептерін шығара бастадық, себебі, сұрақ қойып - жауап беру арқылы оқушылар формуланың шартын түсіне алады. Содан кейін есеп шығаруға емін-еркін кіріседі.
Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болды. Себебі, кейбір оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, есеп шығару мүмкіндігіне ие болса, кейбір оқушылардың сұраққа жауап бергеніне риза болуға тура келеді. Қабілеті әр түрлі оқушылар үшін сұрақтарды шектеп отырдым. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын анықтадым.
Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:
- бірден көп сұрақ қоймау.
- оқушыларға ойлауға уақыт беру.
- орынсыз сұрақтар қоймау.
- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.
- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.
- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
Сұрақтардың сапасы және жоспарлау үздік сабақтың айқын белгісіне айналуы күмәнсіз. Іс жүзінде біз сұрақтарға көп сенім артамыз. Сұрақтарды қоя білу стратегиясынсыз үздік прогресс, сабаққа етене кіріп кету және бағалау болуы мүмкін емес.
Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше, өз сабақтарымда диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатынын тәжірибе жүзінде енгізіп, зерттедім.
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беруді жоспарлап, сабақта оларды оқытудың мақсатымен таныстырдым.
Мектептегі зерттеу барысында оқу материалын меңгерту үшін когнитивті іс - әрекетті ұйымдастыру пайдалы, сондықтан түрлі тапсырмаларды диалог арқылы талдауды ұйымдастырдым. Балалардың әрбір сабақтағы іс - әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым - қатынас өте қажет.
Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр.
Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп санайды:
Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады.Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.
Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.
Фриери, мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды (2007 ред., 43-б). Осы мақұлдау жаңашыл болып табылады. Ең алдымен, Л.С.Выготский оқытуда диалогқа басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15-бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияны ары қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтың мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген. Ендеше, сабақ барысында оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалогты ескере отырып, сұрақ-жауап тапсырмалары да ескерілді. (Диалогтық оқыту арқылы демократиялық сыныптарды дамыту.)
Мәселен, 8 сыныпта «Химиялық элементтердің валенттілігі» тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне үлестірілген ресурстардағы мәлімет жинау үшін диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір - біріне өздерінің ой - пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен оқытуға қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады. Әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу барысында дәлелдеді.
Барн (1976) пен Мерсер (2000) айтқандай оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болатын әңгіменің түрі десе, ол сабақта оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға да әсерін тигізетіні анықталды..
Аталған ғалымдардың еңбектерінде диалог құруға арналған стратегия ретінде «Талқылау жөніндегі серіктестерді» пайдалану «талқылау жөніндегі серіктес» бөлінетінін айтады. Шағын топта жұмысты жоспарлаған ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Жүйелілік ғылыми ойлауға, қиын тапсырмаларды жетік білуге, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілік тудырады. Осының нәтижесінде жан-жақты білім алуға, қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауы қалыптасады. Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Қиын тапсырмалардың мөлшерін алдын ала анықтау керектігі белгілі. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап формулаларды жазады, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.
Білімді беру салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болғанын айтқым келеді, әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім.
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 - бет.)
Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.
Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол.
Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ - ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.
Д. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M.Fishman, L.McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне, сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол шешімін талап ететін проблемаларды айқындауында, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.
Кей жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе, оқушылардың көпшілігі еркін ойлауда, ойларын жеткізуде біршама қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса жоғары сыныптарда қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы тұсында байқалады.
Балалардың қажеттіліктерін ескере отыра дағды және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.
«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі:«төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған сұрақтар баланың санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.
Сұрақтардың түрлері
|
Төмен дәрежелі
|
Жоғары дәрежелі
|
Жабық немесе дұрыс емес
|
Қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс
|
Сұрақ қоюдың техникалары
|
Түрткі болу
|
Сынақтан өту
|
Қайта бағыттау
|
Жауап алу үшін
Оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін
Сұрақты қарапайым қою
Өткен материалға оралу
Ойға салу
Дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беру
Толық жауап беру
Ойларын анық білдіру
Идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру
“Сіз мысал келтіре аласыз ба?” тапсырманы орындау барысында бағдар беру
|
|
Сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау “Көмектесе алатындар бар ма?”
Сұрақтардың маңызы:
Ынталандырады
Қызығушылығын анықтайды
Зерттеуге ынталандырады
Білімін қалыптастыруға көмектеседі
СТО ықпал етеді
Басқа идеяларды құрметтеуге ықпал етеді
Оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды
|
Белсенді әдістерді қолдану барысында орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету және үйрену, өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке баулу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |