Мақсаты: педагогтердің медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру. Міндеттері


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруға арналған цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктері



бет24/33
Дата29.01.2022
өлшемі4,58 Mb.
#115961
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
сауаттылық

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруға арналған цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктері


 Добавить страницу в мои закладки

Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту жағдайында бағалау қызметін іске асыру үшін цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктері шексіз. Дәстүрлі түрде көптеген платформалар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы ретінде интерактивті жаттығулар мен тест тапсырмаларын ұсынады. Педагог үішн  оқушылардың электронды ортадағы жұмыс статистикасын ұсынатын, олардың әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау қызметін бақылауға мүмкіндік беретін жекелеген платформалармен жұмыс жасау ерекше қызығушылық тудырады. Соның ішінде, дұрыс жауаптары бар тесттерді түрлендіріп құруға мүмкін беретін әр түрлі сұрақтар ойластыру, берілген жауапқа баға қою өлшемдерін белгілеу және т.б. Жазбаша тапсырмаларды орындаудың, ауызша сауалнамалар жүргізудің, білім алушылардың оқу әрекетін бағалаудың, тестілеуді ұйымдастырудың, рефлексия өткізудің көптеген онлайн платформалары мен сервистері бар.

Бүгінде әрбір білім беру ұйымы мен педагогтің алдында қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған сервистер мен құралдарды игеру міндеті тұр. Педагог ең алдымен оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін ойластыруы керек. Бұл оқушылармен нақты уақыт режимінде онлайн жүздесу болуы мүмкін. Онлайн сабақта педагог материалдарды түсіндіреді, оқушылардың сұрақтарына жауап береді және оларға сұрақтар қояды. Педагогтің білім алушылармен өзара әрекеттесуінің тағы бір нұсқасы – әртүрлі білім беру платформалары мен сервистердің мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға оқу материалдарын ұсынуы, яғни педагогтің сайтқа немесе web-сервиске өзі дайындаған контентті орналастыруы, электрондық пошта арқылы тапсырмаларды жіберуі және оларға жауап алуы, т.б. 



Сондықтанда әрбір педагогтің алдында негізгі мәселелер туындайды: «Оқушыларды сапалы оқыту контентімен қамтамасыз ету үшін не істеу керек?», «білім алушылардың білім беру нәтижелері бойынша қалай кері байланыс пен бағалауды ұйымдастыруға болады?». Бұл сұрақтарға жауап беру үшін қашықтан форматындағы  білім  алушылардың оқу жетістігін бағалау үшін қолданылатын цифрлық білім беру платформаларына, заманауи интернет-сервистерге қысқаша шолуды қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет