Мақсаты: педагогтердің медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру. Міндеттері


Қашықтан оқыту әдістері мен құралдарының жіктелуі



бет22/33
Дата29.01.2022
өлшемі4,58 Mb.
#115961
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
сауаттылық
сауаттылық, сауаттылық, 6 сынып
Қашықтан оқыту әдістері мен құралдарының жіктелуі

 Добавить страницу в мои закладки

Қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін біз қашықтан оқыту әдістері мен құралдарын жіктейміз. Әдістердің жіктелуі әдістердің үш бағытта бөлінуін бір уақытта ескеруге негізделген:


  • Контингентті қамту (фронтальды – үлкен топ, топтық – кіші топ, жеке, оқитындар санына бағдарланбай)

  • Педагогикалық өріс субъектілерінің өзара әрекеттесу бағытының сипаттамасы (бір бағытты, көп бағытты, белсенді, интерактивті)

  • Байланыс құралдарының сипаттамасы (дәстүрлі немесе ақпараттық технологиялар құралдары).

Қашықтан оқытудың заманауи интернет-технологиялары келесі құралдар негізінде құрылады:



  1. web-сервер

  2. web-беттер мен сайттар

  3. Электрондық пошта

  4. Форумдар мен блогтар

  5. Чат және whatsapp

  6. Теле және бейнеконференциялар: Zoom, Google Glassroom, Mind және т.б.

  7.   Виртуалды сыныптар

  8. Wiki-энциклопедиялар және т.б.

  9.   Видеохостингтер (Youtube) және стриминг (онлайн трансляциялар).

Қашықтан оқыту технологиялары жоғары технологиялар санатына жатады. Бұл анықтаманың техникалық негізі бар және ақпараттық құралдар мен технологиялардың қарқынды дамуына байланысты. Қашықтан оқыту технологияларының мәні инновациялық педагогикаға негізделген, өзін-өзі тәрбиелеу, жеке тұлғаға бағдарланған және белсенділікке баулу қағидаттары негізінде құрылған қашықтан оқытудың дидактикалық моделінен туындайды.

Сонымен, қашықтан оқыту технологиялары заманауи педагогиканың барлық қасиеттерін біріктіреді, оның басты мақсаты – адамның шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту. Сондықтан педагогикалық практикаға қашықтан оқыту технологияларын енгізу педагогтердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің белгілі бір кәсіби қызметті жетілдіруде пәнаралық білімі мен белсенділігін талап етеді.

Орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін OnlineMektep (BilimLand Online School) бейне презентациясын қарауды ұсынамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет