Мақсаты: Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерді Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту


Батыр бол ,балаларым,бәрің дағы, Тап берген дұшпан иттің сынды сағы. Жаса,жаса бейбітшілік, Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын



бет2/3
Дата11.04.2024
өлшемі39,5 Kb.
#200752
1   2   3
Байланысты:
Болашағы біртұтас ел. Ш-42 сценарий 2

Батыр бол ,балаларым,бәрің дағы,
Тап берген дұшпан иттің сынды сағы.
Жаса,жаса бейбітшілік,
Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын.

Ал ендіше, Ш-22 топ студенті Анелова Қарлығаш және Ш-12 топ студенті Баймуханова Асемнің әдеби монтажын қабыл алыңыздар.


Жүргізуші :1418 күнге созылған, 60 елді қамтыған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында болған емес. Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мың адам қатысты. Өкінішке қарай, олардың барлығы туған жеріне қайтадан оралмады.
Ортада Ф-12 топ студенттерінің Көрініс ( Қ.Рысқұлбеков )
Жүргізуші: Соғыс жылдарында Қазақстан тылында жеңісті жақындату үшін еселі еңбек үлгісі көрсетілді. Еңбекшілер майданға көмек ретінде 1600 вагон сыйлық жіберді. Олар жылы киімдер, азық – түліктер еді. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Ел атынан қарт ақын Жамбыл Жабаев жауынгерлерге дем берді. 1941 жылдың басында кәрілікке мойын бұра бастаған Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды.
Ш-42 топ студенті Жаманбай Жібек: «Ленинградтық өренім»
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.
Жүргізуші :Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Сұрапыл соғыста жүріп елін, жерін қорғаған майдангерлер жігерін әнмен жанып,рухын көтеруге дем берген, қайрат қосқан әндер шырқауды да ұмытпады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет