Мақсаты: Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерді Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту



бет1/3
Дата11.04.2024
өлшемі39,5 Kb.
#200752
  1   2   3
Байланысты:
Болашағы біртұтас ел. Ш-42 сценарий 2
Useful and harmful habits, ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû àóûë øàðóàøûëû?û ìèíèñòðë³ã³

Болашағы біртұтас ел


Мақсаты: Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерді Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Студенттерді үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы үнтаспа, гүлдер, шарлар.
1-жүргізуші:
Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 77 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа.
Елестетер қара тажал өлімді,
Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан төккен,
Өткізді олар сызды окопта күндерін.
Елестетем қанды кешіп жүргенін,
Естігендей болам жаудың шебіне.
Атой салған сарбаздардың үндерін.

-Әнұран-
1 жүргізуші :- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ауылымыздан аттанған 62-ге жуық аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыздың 35-і кеуделерін оққа тосып,жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты,олар туған жердің топырағын қайта оралып баса алмады.Біздер сол батыр аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз және ұмытуға қақымыз да жоқ.
Ортада Ш-12 топ студенті Баймуханова Асемнің орындауында «Ән салшы Сарбазым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді,күте берді.
Міне, соғыс қасіреті туған ауылымызда да, осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Олай болса майдан даласында,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым ете отырып,бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Жүргізуші: Құрметті:Бейбіт елдің тұрғындары! есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым,мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Мәңгілік тірісіңдер,тірісіңдер оқу.

Ендеше, Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы видеороликті тамашалайық.
Жүргізуші. Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет