Массасы m = 20 г дене 1 с ішінде h = 4,7 м биіктіктен құлайды. Ауаның кедергі күшінің орташа мәнін Fкед.анықтау керек.
Жіпке массалары: m1 = 2 кг, m2 = 3 кг, m3 = 4 кг үш дене ілінген. Әрбір жіптің керілуін табу керек.
Бір-біріне жалғанған массалары m1 = 2 кг және m2 = 3 кг екі жүкті бірінші денеге түсірілген шамасы F = 60 Н күшпен жоғары көтереді. Жіптің керілуін табу керек.
90Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу береді?
Массасы 4т жүгі жоқ автомобиль 0,3м/с2 үдеумен қозғала бастады. Егер тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғалатын автомобильдің жүгі қандай?
Әрқайсысының массасы 80 т екі вагон бір-бірінен 1 м қашықтықта тұрғанда қандай күшпен тартылады?
Әрқайсысының массасы 1000 кг. Тартылу күші 6,67*10-9 Н болатын екі дененің арақашықтығы қандай?