2.1.1.2.Екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар үшін:
100 дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.
Бірқатар оқушылар үшін:
100 дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау.
Кейбір оқушылар үшін:
100 дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу.
Тілдік мақсаттар
Пəндік лексика жəне терминология:100 дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы, аралықтағы сандар.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Санды жазу үшін қандай цифрлар керек?
Көршілес сандарды атай аласың ба?
Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалай анықтайды?
4)Егер цифрлардың орнын алмастырса, онда екі таңбалы сан бола ма?
Қандай сан шығады? Ол екі санды салыстырыңдар.
Жазу:
0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу
Тірек білімдер, білік, дағдылар
0-ден 20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Қоры
0–3 минут
Ынталандыру.
Сандардың адам өміріндегі маңызы туралы əңгімелеседі. 0–9 сандарының қиықшаларын көтеру арқылы қандай сандардың көрсетілгенін оқушылар анықтайды.
Бұл жұмыс мұғалімге оқушылардың екі таңбалы сандармен таныс не таныс еместігінен хабар береді.
0–9 сандарының карточкалары
Белсендіру.
0–20
4–6
Өткен сабақтағы сияқты сандар (20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар) туралы əнді еске түсіру жəне орындау, сыныптағы заттарды санау (үстелдер, орындықтар, санау материалдары жəне т.б.)
Бұдан кейін мұғалім "Санды тап" ойынын жүргізеді. Ол үшін алдын-ала 0-ден 20-ға дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Ойынның мақсаты – сандарды дұрыс жəне жылдам тауып жəне тура жəне кері ретпен тізбектеп көрсету. Ойынды күрделендіруге болады – бір сан немесе екі сан тастап сандарды атау. Оқулықтағы №2 тапсырма ауызша орындалады – тура жəне кері ретпен ондықтарды санау.