Математика əдістемелік нұсқау


Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар)



бет20/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

Оқушылар командаға бөлінеді. Əрбір команда 21-ден 100-ге дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған команда жеңіске жетеді. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушылардың екі таңбалы сандарды атай алуы жəне жаза білетіндігін бақылайды.




21-ден 100-ге сандар жазылған карточкалар

12–29




Жаңаны ашу.

№3 тапсырма оқушыны екі таңбалы сандардың құрылуымен таныстырады. Осындай жұмыс тақтада да жүргізіледі.



Ондықтар

Бірліктер

Жапсырмалар жиынтығы ұсынылады.

Жұмысты топпен жүргізуге болады. Топпен сандарды жазады, оларды жіктейді (сипаттама береді):


  1. Санды жазуға қандай цифрлар қатысады?

  2. Санның «көршілес» сандарын айта аласың ба?

  3. Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалай анықтайсың?

  4. Егер цифрларды алмастырса, екі таңбалы сан шыға ма?

Қандай сан шығады? Екі санды салыстырыңдар. Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынады. №5 тапсырма ойын түрінде жүреді. Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесі ұсынылады. Топта кейбір оқушылар теріс қарайды, басқалары кестедегі сандарды фишкамен жабады. Санды дұрыс тауып, оған дұрыс сипаттама беріледі, одан соң оқушылар алмасып, тапсырманы орындай береді. Сан сипатамасының мысалы:

  1. Санды ата.

  2. Сандағы ондықтар саны мен бірліктер санын ата.

  3. Сандағы жалпы бірліктер санын ата.

  4. Санның алдында тұратын жəне саннан кейін тұратын сандарды ата.

  5. Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифр қажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігін көрсет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет