сабақ. 3 санына көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру.
Тақырыбы: Қимылды ойындар.
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
2-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқыту мақсаттары
2.1.2.4**2, 3, 4, 5сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.
2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
•3-ке көбейту жəне бөлу кестесін құрастырады.
Көптеген оқушылар:
•3-ке көбейту жəне бөлу кестесін бірдей қосылғыштардың сомасын табуға, мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдауды жəне шығаруды біледі, қолданады.
Кейбір оқушылар:
•3-ке көбейту жəне бөлу кестесін есептеулерде қолданады, кері есептер құрастырады жəне шығарады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
•3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіреді.
Пəндік лексика жəне терминология:
3-ке көбейту жəне бөлу кестесі.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау:
3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылған?
Неліктен ол 33 түріндегі жағдайдан басталады?
Жазу:
3-ке көбейту жəне бөлу кестесін жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Көбейту, бөлу, көбейту мен бөлудің байланысы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0–3
Қызығушылықты ояту.
Адам өміріндегі қозғалыстың рөлі қандай екенін білесің бе? Неліктен адам белсенді өмір сүруі керек?
4–6
Өзектендіру.
– Оқушылар, ойын ойнайық. Егер сендер не туралы айтылып жатқанын білсеңдер, қол шапалақтаңдар:
•көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;
•2-ге көбейту жəне бөлу кестесі; •көбейтудің компоненттері; •бөлудің компоненттері.
7–11
Мақсат қою.
– Ал қазір алгоритм бойынша жұмыс жасаңдар:
•өрнекке мұқият қараңдар;
•жақшасыз өрнектердегі амалдардың ретін еске түсіріңдер;
Дəптерде кесте құрастыра отырып тақтада кеңейтілген талдаулар жүргізуге (оқулықтағы тəрізді) болады. Əр жолы 3-тен қосып отыру міндетті емес, алдыңғы мысалдың нəтижесіне 3-ті қосып, содан соң көбейту мен бөлудің компоненттері мен нəтижелерінің өзара байланысы негізінде басқа бағандарды құрастыруға болады. Бірінші баған қалай құрастырылғанын тағы бір рет талдаңдар (екінші көбейткіш артып отырады, бірінші көбейткіш – 3), екінші баған қалай құрастырылғанын талдаңдар(көбейткіштердің
орындары ауыстырылды немесе бірінші көбейткіш артып отырады). Үшінші бағанда бөлгіш 3-ке тең, ал төртінші бағанда бөлінді– 3 саны. Мұндай қорытынды жасауға оқулықтағы сандардың түрлі түстерде болуы көмектеседі.