110-сабақ. Өткенді бекіту.
Тақырып: Қазақстан қорықтары
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқыту мақсаттары
|
2.2.1.5 жақшалы жəне жақшасыз əріпті, санды өрнектерді (екі амалдан артық қосу мен азайту/ 5 көлемінде көбейту жəне бөлу) салыстыру
2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті білу.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті қолдану, жақшалы жəне жақшасыз əріпті жəне санды өрнектерді салыстыру
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
Өрнектердегі амалдарды орындау ретімен байланысты логикалық тапсырмаларды орындау.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар игереді:
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді дауыстап оқу.
Пəндік лексика жəне терминология: Амалдар реті, жақшалар, өрнек
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:
|
Амалдарды орындау ретін түсіндір.
Өрнектердегі амалдардың ретін өзгерткен кезде, нəтиже өзгере ме.
|
Жазу:
|
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Өрнек, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауы.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт (минут)
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Бүгін біз тек математикалық білімімізді толықтырып қана қоймаймыз, сондай-ақ біздің еліміздің қорықтары жөнінде де көп жаңа дүниемен танысатын боламыз.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
2-5 сандарының көбейту жəне бөлу кестелеріне, өрнектердегі амалдардың орындалу ретіне қатысты математикалық диктант.
Мысалы:
36 жəне 4 сандарының бөліндісіне 12-ні қосу;
27-ден 21 жəне 7 сандарының бөліндісін азайту; 5 санын 18 жəне 9 сандарының айырмасына көбейту.
|
|
7-11
|
Мақсат қою.
Бүгінгі сабақ неге арналатын болады? (Өткен тақырыптарды бекітуге.)
Біз өз білімімізді қалай бекітеміз? (Өздік жұмыстарды орындаймыз, қателіктер жібергенімізді немесе жібермегенімізді қараймыз; егер жіберсек, онда олармен жұмыс жасаймыз.)
Өткен сабақтарда қандай жаңа дүниелермен таныстыңыздар? (Өрнектердегі амалдарды орындау ретімен таныстық.)
–Сіздер алдарыңызға қандай мақсат қоясыздар? (2-5 сандарының көбейту кестесіне қатысты білімді жəне өрнектердегі амалдарды орындау реті жөніндегі ережені қолдана білуді тексеруді.)
Қазақстанның картасын қарастырыңыздар. Онда
|
Оқулық, дəптер
|
|
біздің еліміздің ең ірі қорықтары бейнеленген. Олардың бірі «Барсакелмес» деген жұмбақ атауға ие, оның мағынасы «барсаң, қайтып келмейсің» дегенді білдіреді. «Барсакелмес» қорығы — ғаламдық масштабтағы экологиялық апат аймағында орналасқан (Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі), айрықша төтенше экологиялық жағдайлары бар, Қазақстан мен ТМД-дағы жалғыз қорық.
«Қорғалжын» табиғи-мемлекеттік қорығы Сарыарқа объектісі құрамында (Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері) ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұрасының тізіміне кіреді. «Қорғалжын» қорығы 1968 жылы қоқиқаз бен бұйра бірқазанның сүйікті мекеніне айналған бірегей сулы-батпақты алқапты сақтау жəне зерттеу мақсаттарында құрылған.
«Алакөл» мемлекеттік қорығы–Қазақстанның үш негізгі сулы-батпақты алқаптарының бірі болып табылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |