128-сабақ. Геометриялық мазмұндағы есептерді шығару.
Тақырыбы: Саяхат туралы естеліктер
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
2-сынып:
|
Қатысқандар
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқыту мақсаттары
|
2.5.1.2** есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр шамалар арасындағы тəуелділікті пайдалану.
2.5.1.5** ұзындықты, енін, периметрді табуға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғасын табуға берілген есептерді шығару.
|
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғасын табуға берілген есептерді шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
Тіктөртбұрыштың жəне шаршынының периметрлерін табудың, белгілі периметрі бойынша шаршының қабырғасын табудың, белгілі қабырғасы жəне периметрі бойынша тіктөртбұрыштың қабырғасын табудың формулаларын қорытып шығару.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар игереді:
Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне белгісіз қабырғасын табудың ережесін түсіндіру.
Пəндік лексика жəне терминология:
Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, көпбұрыш, есеп, кері есеп.
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:
|
Берілген есептердің арасында қандай байланыстар бар?
Белгілі периметрі бойынша шаршының белгісіз қабырғасын табуға бола ма?
|
Жазу:
|
Есептердің шығарылу жолдарын жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, есеп, кері есеп.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт (минут)
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім балалардың сабаққа деген қызығушылығы арттыру үшін əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолдана алады.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Жинақ полотносында (тақтада, үстелдерде) геометриялық фигуралар: шаршылар, дөңгелектер, тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, сопақша фигуралар орналасқан.
Балаларға кез келген белгісі бойынша фигураларды топтастыру ұсынылады. Балалар топтастырады жəне ортақ белгісін айтады.
– Периметрін есептеуге болатын фигураларды бөліп көрсетіңіздер.
|
Жинақ полотносы, тақта, қима фигуралар
|
7-11
|
Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
Балаларға суретке қарау ұсынылады (тақтадағы сызба, сабақтың тұсаукесері, карточкалардағы суреттер жəне тіктөртбұрыш жəне дұрыс емес көпбұрыш бейнеленген т.с.с.)
|
|
|
–Қандай фигуралардың периметрін əртүрлі тəсілмен табуға болады? Неге?
Периметрді табу тəсілі күнделікті өмірде қандай жағдайларда қажет болуы мүмкін?
|
|
12-29
|
Өзіндік жұмыс.
Балалар жұптасып жұмыс істейді. Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша əр жұп өздерінің құрастырған есептерін көрсетеді. Кері есептер құрастыруды ұсынуға болады.
2 -тапсырманы оқушылар соңынан тексере отырып, жеке өз бетімен орындайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |