Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
– Қандай шаршыны сиқырлы деп атауға болады?
Сиқырлы деп кез келген бағанында немесе кез келген жолында орналасқан сандарының қосындысы бірдей болатын шаршыларды айтатын боламыз.
Сиқырлы шаршы – бұл торкөздерге бөлінеді (торкөздердің саны тігінен де, көлденеңінен дебірдей), онда əр торкөзге сандардың тізбекті қатары енгізілген. Сандар тігінен, көлденеңінен олардың қосындылары бірдей болатындай етіп жазылған. Сиқырлы шаршының əрбір саны бірнеше əртүрлі қосындылардың құрамында болады жəне барлық осы қосындылар өзара тең болып табылады! Бұл – математикалық көзқарас тұрғысынан қызығарлық факт жəне өте үлкен қызығушылықты тудырады.
1-тапсырмадағы «сиқырлы» шаршыларды қарастыруды ұсынады.
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары берілген. Олардың бір бөлігі торкөздерге орналастырылған. Қосындысында 15 саны шығуы үшін, қалған сандарды орналастыру талабы қойылады.
Бір қатарда, диагональда немесе бағанда тұрған екі белгілі санды 15-тен азайту арқылы қажетті санды табамыз. Осылайша осы шаршыны аламыз.
|
Оқулық, дəптер
|