0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім достардың фотосуретін көруді ұсынады. Əдетте оқушылар достарымен қалай ойнайтындары туралы айтады, бірақ олардың достарымен бірге есеп шығарған кездері болғаны туралы сұрақ қойыңыз.
Сыныпты 5 жəне одан да көп адамнан тұратын бірнеше бөлікке бөліңіз.
Əр топта бір-бірімен сөйлеспей бойларына қарай қатарға тұрғызыңыз. Қай топ жəне неліктен ұйымшылдықпен жұмыс істегенін оқушылармен бірге талдаңыздар.
|
Достардың фотосуреті
|
4–6
|
Өзектендіру.
Бойды қалай өлшедіңдер? (көз мөлшерімен).
Біз бойды қандай шамалармен өлшейміз? (м,см).
Оны өлшейтін құралды білесіңдер ме? (бойөлшеуіш).
Біз 100-ге дейінгі сандарды ғана білсек те, үйде сендерөз бойларыңды бойөлшеуішпен өлшеңдер. Ертең нəтижесін алып келіңдер.
Біз ұзындықтан (биіктіктен) басқа тағы қандай шамаларды білеміз?
(Салмақ, уақыт, көлем) əр шамаға өлшем бірліктерін таңдаңдар. Тақтаға шамалардың атау сөздері мен олардың өлшем бірліктерін (кг, сағ, мин, л, см, дм) жəне өлшеу құралдарын орналастырыңдар.
|
Шамалардың, өлшем
бірліктері мен құралдарының аттары жазылған қиықшалар
|