Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
Сабақта бізге кестені, қосу жəне азайту тəсілін, 11-12 сандарының құрамын қайталау керек. Алдыңғы тапсырмаларда жіберген қателерімізді түзейміз.
|
|
12–29
|
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы №2 тапсырманы өз бетінше орындауға бере аласыз. Мысалдар санына шек қойыңыз немесе оқушылармен бірге табыс критерийлерін жасаңыз. Осы тапсырманы тексеру оқушылардың қайсысына түзету жасау керектігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қиындықтарды түзету.
Бұл үшін сан құрамына арналған дайын «үйшіктерді» немесе жауаптары жоқ қосу кестесін пайдаланыңыз.
Санның құрамын есте сақтауда қиындыққа тап болған оқушыларға есептеу материалдарымен тəжірибелік жұмыс жасауды немесе 11-12 сандарының құрамын бояуды ұсыныңыз.
|
Жауаптары жоқ қосу кестесі,оқулық, дəптер
|
30–40
|
Өткенді қолдану.
Есептерді шығар. Кері есептер құрастыр жəне оларды шығар. Есеп екі амалмен шығатындай етіп сұрақ қоя аласың ба?
Есептерді ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілдерін қолдана отырып шығару біліктілігін формативті бағалаңыз. Бағалау критерийлері:
есепті оқимын;
берілгені мен сұрақты талдаймын;
есептің моделін құрастырамын (сызбасын, қысқаша жазбасын);
шығару үшін амал таңдаймын; шешуі мен жауабын жазамын.
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы №4 тапсырма тиімді тəсілмен есептеледі.
Ыңғайлы есептеу үшін оқушылар қандай қасиеттерді қолданатынын анықтаңыз. Қосылғыштардың орнын ауыстыру, үлестірімділік қасиеті.
|
Оқулық, дəптер, есептеу материалы,санның құрамына арналған «үйшіктер»
|
|
Қосу кестесін қолдануға берілген тапсырмаларды оңай орындаған кейбір оқушылар үшін мынандай тапсырмалар беруге болады: 9+9,19+9,29+9 мысалдар қатарын жалғастыр. Қалай шығаруға болатынын айт. Қосуды тексеруге мүмкіндік беретін азайтуға мысал келтір.
|
|
41–45
|
Рефлексия. Оқушыларды өз жетістіктерінің дəрежесін бағалауға қатыстырыңыз. Олар орындай ала ма:
бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау;11–12 жағдайында бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану;
11–12 жағдайында түрлі тапсырмаларды орындауда бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін қолдану;
58+9, 45–9 түріндегі жағдайларда бір таңбалы сандарды 100 көлеміндегі ондықтан аттап қосу жəне азайтуды ауызша орындау.
|
Жетістіктер жолағы
|
Пән: Математика 12-сабақ. 13 санының құрамы.
Тақырыбы: Менің сүйікті істерім (хобби).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |