Әдістемелік бірлестік жұмысының бағыттары
Мұғалімдердің идеялық – теориялық және әдістемелік деңгейін көтеру.
Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жоспарларын құрып, ол негізінде шығармашылықпен жұмыс жасауына, әрбір мұғалімнің жалпы мәдениетін , әдістемеләк көмек беруді көздейді. Оларға өзіндік білім беру ісін жоспарлауға, баса назар аударылатын өзекті мәселелерді таңдауға кеңестер беріледі, кейбір әдебиеттердің тізімін ұсынады. Сондай-ақ жекелеген мәселелер бойынша түсінік-әңгімелер /концультациялар/ ұйымдастырылады. Егер қажет болса семинарлар, кеңестер, ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференциялар өткізіледі, білікті әдіскерлер, озат мұғалімдер, ғалымдар шақырылады. Мұғалімдердің кәсіби біліктілікті жетілдіру курсынан өтуін қадағалау.
Оқушылардың білімді, дағдыларды меңгерту ісін зерттеу және оларға тиімді бақылау жасау.
Жұмыс БАҒЫТЫ бойынша тоқсан сайын оқушылардың білім дағдыларды меңгерту мақсатында бақылау жұмыстарын енгізу, шағын шығармалар жаздыру, сынақшы сабақтарын ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.Осылардың негізінде барлық V-XI сыныптардың оқушыларын негізгі пәндері бойынша сапалық үлгерімге жеткізу.
Сыныптан, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Жұмыстың БАҒЫТЫ сыныптан және сабақтан тыс әр түрлі шараларды қамтиды. Бұған тарихи кештер, апталықтар, теориялық семинарлар мен конференциялар, сабақтан тыс оқу, үйірмелер, қоғамдар, факультативтер, кездесулер, байқау-бәйгелер, пәндік олимпиадалар, викториналар, пікірталастар т.с.с өткізу.
Пән кабинетерінің жұмысын ұйымдастыру
Бұл БАҒЫТ бір ғана, бір күрделі мәселе – пәндік /математика, физика, информатика, химия, биология, қазақ тілі, шет тілі, тарих, құқ, еңбек АӘД/ кабинеттердің жұмысын ұйымдастыруға саяды.Мұнда оны жабдықтаудың перспиктивалық жоспарын жасау, көрнекті және дидактикалық құралдар жасауды мұғалімдерге бөліп беру, кабинеттің кейбір стенділерін, планшеттерін жылына 2 рет өзгерту, пәндік бұрыштарды толықтыру, қабырға газеттерін шығару, кабинетті сабақта және сабақтан тыс шараларды пайдалану ережелерін қамту
Достарыңызбен бөлісу: |