Математика, физика, информатика пәндері бірлестігінің жұмыс жоспары Тақырыбы: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқу үрдісін ізгілендіру»



бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі37,74 Kb.
#149465
  1   2   3   4
Байланысты:
Физика-математика бірлестігінің жылдық жоспары (1)


Математика, физика, информатика пәндері бірлестігінің жұмыс жоспары
Тақырыбы:
«Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқу үрдісін ізгілендіру»
Математика, физика және информатика пәндер бірлестігі жұмысының мақсаттары:


1.Оқушылардың жоғарғы білікті техникалық және кәсіптік білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету және олардың қызығушылығын арттыру.


2.Бірлестік мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-тәжірибесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.

3.Ұстаздардың үнемі өзіндік саяси, теориялық және әдістемелік білімін көтеріп отыруына дұрыс бағыт-бағдар беру.

4.Озат іс-тәжірибелерді жете қадағалап, олардың тиімділерін мектеп өміріне енгізу жұмыстарын мүмкін ету.

5.ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектепте оқып-үйренуді қамтамасыз ету.


Әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылындағы
міндеттері

  1. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлауын, өз бетімен шешім қабылдауын қалыптастыру.

  2. Орта білім берудің жоғары сатысында бейінді- бағдарлы оқытуды жүзеге асыру.

  3. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

  4. Мұғалімдерге инновациялық қызмет жасау, өзін-өзі дамыту (жаңа техналогиялар, зерттеулер мен эксперимент)әдістемесін меңгерту, кәсіптік шеберлігін, жалпы ғылыми деңгейін жетілдіріп отыру.

5. Пән оқу бағдарламасы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай әр сыныпқа оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру.
6. Оқушыларды ҰБТ-ге,РІSA зерттеулеріне дайындау, тақырыптық тестілер өткізу, оған талдау жасау.
7. Пән бірлестігі оқу әдістемелік жұмыстарға сәйкес нақты тапсырмалар
жүктеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
8. Пән кабинеттерін жабдықтау және толық мәнінде жұмыс жасауын
ұйымдастыру.
9.Тоқсанына 1 рет сыныптар бойынша оқушылардың білім деңгейін зерттеу.
10.Мұғалімдердің білім жетілдіру курсынан өтуін қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет