Математика, физика және информатика институты



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата26.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#155012
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сафар Т ФОИТ

Алгоритмдік деңгей:

өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген 
жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін 
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;

оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық есептер, ребустар мен 
сөзжұмбақтар;


Эвристикалық шығармашылық деңгей:

танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген 
алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін 
жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, 
қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар 
жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа 
әдістер іздеуі керек;

өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған 
мәліметтерді диаграмма, графиктер салу арқылы жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, 
көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;

оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде 
олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды 
оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);

олимпиада есептерін шығару;

берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек бұл тапсырмалар – 
оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.




02 Бөлім



Білім алушылардың ынтымақта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақыры
пты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
Мақсаты: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа 
топтарға топ мүшесінің біреуін жіберіп, өз тақырыптарымен таныстырып, ынтымақтастықты дамытады.
(10 мин).
Студенттерге сабақ басында 3 текст беріледі. Студенттер «ZOOM» қосымшасы арқылы топтарға бөлінеді 
Тақырып бойынша «Conceptboard» тақтасында қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет