Математика, физика және информатика институты



Дата08.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#195672
Байланысты:
Абзал психология презентация


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
Қазіргі студенттердің
психологиялық портреті
Орындаған: МЕК211 Абухан Абзал
Қабылдаған: аға оқытушы Кудушева Н. А.
Мамандық: (6В05401)-Математика
Жоспар:
Студент деген кім?
1
2
Студент бейнесі
3
Қорытынды.
4
Студент және университет.
№1
Студент
Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар. Биыл жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Бұл әлеуметтік көсіби категория тарихи тұрғыдан ХІ-ХП ғасырларда алғашқы университеттер пайда болған кезеңдерде қалыптасқан.
Студенттік жас (18-25) адам өмірінің ерекше бір кезеңі. Оның ерекшелігінің өзі тұлға дамуының жалпы мәніне және негізгі заңдылықтарына сай 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығы адамның кемелдену, толысу кезеңінің бастапқы жылдары деп саналады.
Студент және университет
Университет студенттің өміріне тікелей әсер етеді. Мектепті бітірп жоғарғы оқу орнына қадам басқан сәттен бастап жаңа өмірге қадам басады. Жаңа достар, жаңа орта және айналаға деген жаңа көзқарас пайда болады. Жоғары білім алу нәтижесінде белгілі бір мамаңдықты меңгереді, дүниетанымы кеңейеді. Ал ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Жаңа тәртіп
Жаңа мақсат
Жоғары білім

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

  • Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:
  • 1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;
  • 2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;
  • 3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Студент бейнесі
Қорытынды
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді.
Назарларыңызғ рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет