Жол
Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Уақыт
Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
Тығыздық
Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
Күш
Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
Қысым
Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
Қуат
Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
Температура
Жәй уақыттын “ артық ”
Өзгеріске орнатады тәртіп,
Процесстің толық бір
Қайталануына кететін.
Период
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін
Электр тогы
Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Ауа-диэлектрик
Үстінде орманы, суы бар,
Сені де, мені де
Көтерген, алыпты тауып ал?
Жер-өткізгіш
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
Масса
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.
Күш
Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді.
Молекула
Жоғарыламайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
Энергия
Көтерілсе жоғары,
Ерітер мұхит мұздарды.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер суық ызғарды.
Температура
Оңынан оқы тіршілік нәрі,
Солынан оқы онсыз адам,
Өсімдік, аң, құс,
Әп-сәтте сөнер,
Тұншығып бәрі.
Ауа
Қос сүрлеу бар жолымда,
Екі қамшы қолымда
Міндім де екі арғымақ
Таудан түстім қарғып-ақ.
Шаңғы
Белсендігі белбеуі п сан қабат,
Темірді ас қып ішіп , еткен тамақ
Тұрақты тоқ көзіне жалғағанда ,
Дәл магнит сияқты бос қалау.
Катушка
Алғаны алты мың бас қанаттасқан,
Қаңқасы темірден қабаттасқан.
Қарасаң таңғажайып бір сауданы,
Төрт жүз басын беріп ақ орайласқан
трансфарматор
Мінезі жас баладай елезіген,
Сүйгені ұйтқып соққан құйын екен.
Қауышып арласса өрістері,
Күш олар қозғайтұғын сол өрістен.
Елегізер өзіне басқаға да,
Кереметін аямас басқадан да.
Мінезі өзгеріске қарсы тұрады
Қиыншылық тудырар басқарғанда
Ақ көңіл сәулешіл,суйеді сәулесі
Бар тетік бөлігінде болса дағы
Іс қылмас сәулесіз
Осцилограф
Ашатын ақиқаты асыл дана
Ойланып шеш жұмбақты сана болса
Керемет іс қылғызар қашықтықта
Кілтпенен өз орынында тұрып қана
Арасын қосып тұрған ешнәрсе жоқ
Қараймыз құдіретіне біз таңдана
Телефон
Екі қарыс тиісіп бір біріне
Бірге тұрып көрмеген өмірінде
Қымырланып екеуі суйіскенде
От шыққан қандай күшті ерінінде
электродаға
Болса да көкте мекені
Кездеспейді екеуі
Ай мен күн
Көк жүзінде көп жолақ
Қойды екен оны кім бояп
Кемпірқосақ
Жарқ етсе сабақ қамшы
Нөсерлеп жауар тамшы
Найзағай
Жүзіне салсаң көзіңді
Көрсетеді өзіңді
Айна
Бұл қызықты қараңдар
Күн жоқта жоқ
Күн барда бар
Көлеңке
Ішін желмен толтырдым
Қуалап жүріп болдырдым
Доп
Сабағы су кешіп өскен
Масағын күн тесіп өскен
Күріш
Ұңғысын көкке кезеп тұр
Ғарышты көрер көзі өткір
Телескоп
Жазып , үй етіп
Жинап , арқалап кеттім
Палатка
Орана береді , орана береді
Оранған сайын көлемі молая береді
Жіп орамы
Темір қолып
Іші тоған әріп
Машинка
Жазу жазып жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған
Бор
Алты қырлы
Алтын сырлы
Қарындаш
Жаңа – жаңа түнде
Таусылды ол мүлде
Шырақ
Ағайынды бәрі
Шықса - көк
Түссе - сары
Жапырақтар
Аспандағы алып доп
Жарқырайды жарық боп
Күн
Төгіліп жерге ақ моншақ
Ғайып болды сол шақта – ақ
Бұршақ
Күні – түні көше кезіп зырлайды.
Жолдаушыға қызмет етіп тынбайды
Такси
Табанға тақтым
Жалпаң қақтым
Зырлап бақтым
Коньки
Көзін жұмып – ашады
Бағыт сілтеп тұрады
светафор
Әжемнің, қолында шыр айналар
Шыр айналса өзіне шыр байланар
Ұршық
Биікте ожау ғаламат
Көзімен көрген жанар – ақ
Төмендеп жерге тұскен жоқ
Сүт құйып ешкім ішкен жоқ
Жеті қарақшы
Су ішінде желігер
Кұм үстінде демігер
Балық
Су көтеріп жүріп келем
Озім біреуге мініп келем
Иінағаш
Шыр айналып көпіріп
Кіріңді берер кетіріп
(Кір жуатын машина)
Судан шашақ шашылар
Су тоқтаса , басылар
Фантан
Аумаған қар
Жаумаған қар
Сәскеде жоқ
Таңертең бар
Қырау
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен
Құмырсқа
Жоғары шығып , түсер төмен
Ішінде мен жүріп келем
Лифт
Екі жанға жұмысты
Әділдікпен тең бөлген
Сөйтемін деп ортасында
Ары – бері сенделген
Ара
Дала тымық күйде
Жел соғып тұр үйде
Желдеткіш
Тиіп кетсең жабысқан
Тиіспей жүр алыстан
Желім
Жеке өзін жиі алмайсың
Онсыз асты да аузыңа алмайсың
Тұз
Қалтаңда жатыр , тісі бар
Тістемей – ақ істер ісі бар
Тарақ
Астына шоқ қаладым
Үстіне шоқ қаладым
Ішінде пісті тамағым
Таба
Тас тасқа шағылды
Одан от жағылды
Шақпақ тас
Қатар – қатар түйме
Бассаң салар түйме
Гармон
Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді
Елка
Қозғасаң – ақ орнынан
Келетіні қолынан
Әр затты тек төмпештеу
Мінезі бар шәмпестеу
Балта
Кіретін жері бір есік
Шығатын ері мың есік
Елеуіш
Көкте ақ жаулықты әже отыр
Ақ ұнын илеп отыр
Қар
Иә/Жоқ
Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
Заттар үш күйде болады ма? (иә)
Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә)
Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
р=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
Қозалып келе жатқан денеде потенциалдық энергия болады? (жоқ)
Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған құрал -Телескоп(иә)
Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгермейді? (иә)
Вакуумда, қатты денеде конвекция болады? (жоқ)
Механика кинематика және динематика болып екіге бөлінеді. (иә)
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі – физикалық шамалар. (жоқ)
Денелердің тыныштығы материя болып табылады. (жоқ)
Дүниедегі барлық нәрселер қозғалыста болады. (иә)
Физиканың мақсаты – табиғаттағы денелер мен құбылыстардың неғұрлым жалпылама қасиеттері жайлы айтылады. (жоқ)
Кез келген вектордың сандық мәні скалярлық шама деп аталады. (жоқ)
Қызықты сұрақтар
1. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе
Өмір- жизнь- life
2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не?
Алма- яблоко- apples
3. Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді.
Молекула- Молекула -Molecule
4. Теңізде қандай тастар табылмайды?
Құрғақ-Сухой- dry
5. Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді.
Күн, Ай,- Солнце Луна- Sun, Moon
6. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
Масса- масса- mass
7. Отқа жанбас, суға батпас.
Мұз- лед -ice
8. Табаныма байладым,қос аяқпен айдадым
Шаңғы- лыжа- skiing
9.Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Жол- Дорога- Road
10. Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Уақыт- Время- Time
11.Бірдей көлемдегі масса,
кейде Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
Тығыздық- Плотность- Density
12. Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
Күш-Сила- force
13. Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
Қысым- Давление- Pressure
14.Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
Қуат- Власть- Power
15. Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
Температура- Температура- Temperature
16.Жәй уақыттын “ артық ”
Өзгеріске орнатады тәртіп,
Процесстің толық бір
Қайталануына кететін.
Период- Период- Period
17.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.
(ток, ток,current)
18. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа, воздух, air)
19. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
(күн, солнце, sonne)
Мақал-мәтелдер
Бұлақ көрсен, көзін аш
(табиғат туралы)
Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
(ішкі энергия)
Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.
(инерция)
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді
(диффузия)
Жұпарды жасырғанмен исі білінеді.
(диффузия)
Ауызы күйген үріп ішер.
(кебу)
Түйені жел соқса, ешкіні аспаннан ізде
(қозғалыс)
Отқа салса темірде балқиды
(заттың агрегаттық күйі)
Ит жүгіріп тазы болмас.
(жылдамдық)
Таң атпайын десе де, күн қоймайды.
(жердің өз осінен айналуы)
Ас - адамның арқауы.
(энергия)
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
(күш)
Таразы туса , таң суиды.
Сүмбіле туса су суиды.
(жұлдыз)
Көсеу ұзын болса, қол күймейді
(жылуөткізгіштік)
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.
(ішкі энергияны өзгерту тәсілдері)
|