Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, «Өз санынды тап » деп аталатын ендігі кезеңімізге қош келдіңіздер. Бұл сында арқаларыңызға сан жабыстырылады, көршінің сандарын көре отырып, өздерінің сандарынды тауып алу керек. Барлық сандардың қосындысы 100-ге тең екені мәлім. Бірінші жауап берген қатысушы максималды 8 ұпайға ие болады, қалғандары жауап беру ретіне байланысты бір ұпай кем алады.
Жүргізуші: Біздің елге таң қалған М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан – менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, ағайын, біздің елге таңғалуда, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын. Ол елді көтеретің, мақтан ететін «Білімділер» жасасың! Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)
Жүргізуші: Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.