Математика және информатика пәндерінен 5 сынып оқушыларына арналған «Сандар-менің өмірімде» атты сайыс Мақсаты



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі343,56 Kb.
#35643
  1   2   3
Математика және информатика пәндерінен 5 сынып оқушыларына арналған
«Сандар-менің өмірімде» атты сайыс

Мақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, проектор, үлестірмелі қазағдар, қатысушылар орны.
Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар! Келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!

Намысын найзағайдай жарқылдап бір,


Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.
Дәуірдің бастау алған жиырма бірі –
Еліме болсын ләйім алтын ғасыр.
Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны
Ешқандай ондай ұлттың жоқ тамыры.
Бабалар аңсап өткен кезге жеттік,
Қолдасын көк туымды хақ тәңір

Бүгінгі «Сандар-менің өмірімде» атты сайыстың қатысушылары 5 «А» және 5 «Ә» оқушылары. Әр сыныптан 4 қатысушы келіп отыр.

Сайыс кезеңдерімен таныстырып кетейін:

1. «Ең мықты есептеуші»

2. «Венгр сөзжұмбағы»

3. «Зейінділікке тапсырмалар»

4. «Өз саныныды тап»

Жүргізуші:Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыздың алғашқы кезеңі «Ең мықты есептеуші» деп аталады. Бұл білім жарысында сіздерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Бір сұрақтың жауабы-5 ,10,15 ұпай. Қанша сұраққа жауап берсеңіз, сонша балға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі қатысушы жауап беруге құқығы бар.
5 баллдық сұрақтар

1.Қай кезде екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?



Жауап: Егер екінші қосылғыш 0-ге тең

2. Екі әке және екі бала 3 апельсин сатып алды және оларды тең бөлді. Ол қалай болу мүмкін?



Жауап: Ата, әке, ұлы

3. Екі поез кездескенше 1 сағат бұрын қандай қашықтықта болды, егер бірінші поездің жылдамдығы 60 км\сағ, ал екіншісінікі 40 км\сағатына болса?



Жауап: 100 км

4. Бөренені 10 бөлікке бөлу қажет. Оны неше рет кеседі?



Жауап: 9

5. Бес үйме және жеті үймені шөпті бір жерге үйді. Неше үйме шөп шықты?



Жауап: Бір

6. Әдетте үнсіз тұрамын


Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын

Жауап : принтер

7. Барлық сурет , мәтінді


Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьтерден өшірген

Жауап : сканер

8. Бар нәрсеге жетік


Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп

Жауап: Компьютер

10 балдық сұрақтар:

1. Тізбектерді құру ережесін тауып, келесі мүшесін есептеп көр:

А) 3,13,23,33,…

Б) 1,2,3,5,8,…



Жауап : а) 43

Жауап: б)13

2. Қанша тетік тізілген


Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген

Жауап: пернетақта

3. Әсия алма сатып алды. Оларды тарелкелерге бір-бірден салса, бір алма артық қалады, ал егер тарелкеге екіден салса, онда 1 тарелке артық қалады. Әсияда неше алма, неше тарелке бар?



Жауап : 4 алма, 3 тарелке

4. Пончиктің комбинезонында 17 қалта бар: 10 қалта алдында, қалғаны артында. Алдынғы қалталарында 2 пончиктен жатыр,ал артынғы қалталарында-3. Пончикта барлығы неше пончик бар?



Жауап: 41

15 балдық сұрақтар:

1. Суретте неше үшбұрыш бар?




Жауап: 28

2. Компьютердің айнасы


Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы

Жауап: монитор

3. Сүті бар бидонның салмағы 32 кг, сүтсіз 2 кг. Жартылай толтырылған бидонның салмағы қанша?

4. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе ұзын, ал периметрі 72см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.

Жауап: 17 кг

20 балдық сұрақтар:
1. Жарыстың алдында төрт жанкүйер мынадай болжамдарын айтты:

А) Марат жеңеді, Берік – екінші орынға ие болады;

В) Берік – үшінші, Нұрлан – бірінші болады;

С) Марат – соңғы, ал бірінші – Олжас.

Жарыс біткеннен кейін әр жанкүйердің болжамы жартылай дұрыс болғаны анықталды.

Жарыста Марат, Берік, Нұрлан, Олжас қандай орындарға ие болды?



Жауап: Олжас -3, Нұрлан -1, Берік - 2, Марат - 4
2. 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 9 тауық 9 күнде неше жұмыртқа табады?

Жауап:

3 тауық 1 күнде - 1 жұмыртқа
9 тауық 1 күнде 3 жұмыртқа табады
9 тауық 9 күнде - 27 жұмыртқа

3. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.



Жауап: дочка, қыз, daughter

4. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет