бет 4/5 Дата 25.01.2022 өлшемі 65,08 Kb. #129782
Байланысты:
МАТЕМАТИКА пәні түсінік хат 2021-2022 оқу жылы 5-6-сыныптарда ғы «Математика», 7-9-сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар
2021-2022 оқу жылы бойы 5-6-сыныптардағы «Математика», 7-9-сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және бұл жұмысты кезең-кезеңмен өткізу ұсынылады.
1-кезең. Диагностикалық жұмыс (І тоқсанның бірінші аптасы).
Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу.
Төмендегі кестеде сыныптар бойынша тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған оқыту мақсаттары/тақырыптар берілген.
45-кесте. Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған оқыту мақсаттары/тақырыптар
Сынып
Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған оқыту мақсаттары/тақырыптар
5-сынып, Математика
Тапсырмалар
4-сыныпқа арналған
«Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.
4.1.2.8 көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
4.1.2.3 көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану;
4.1.2.11 екітаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану ;
4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екітаңбалы/үштаңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану
4.2.1.7 төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау , олардың мәнін табу
4.2.1.3 айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану ;
4.5.1.7 үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және түрлі әдіспен шығару, ең тиімді әдісті анықтау ;
4.2.2.2 39+490 : k = 46; 230 · а + 40 = 1000 : 2 түріндегі теңдеулерді шешу
Достарыңызбен бөлісу: