шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау;
анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау.
2-кезең.Жұмыстыжоспарлау(ІІтоқсанныңекіншіаптасы). Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасау;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.
3кезең.Жұмысжүргізу(оқужылыбойы). Оқыту мақсаттары біріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізінде сабақты ұйымдастыру (қатарынан алынған екі сыныптың тиісті оқу мақсаттары).
5-9-сыныптардағы оқыту мақсаттарын біріктіру мысалдарыкелесі кестеде келтірілген (46-кесте).
46-кесте. Оқыту мақсаттарын біріктіру мысалдары
5-сынып,Математика
5-сыныптыңоқытумақсаттары
4-сыныптыңоқытумақсаттары
5.1.1.1 - натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;
көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну;
көптаңбалы сандарды оқу, жазу;
көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің
жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
5.1.2.3 - санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу
амалдарының қасиеттерін қолдану
4.1.2.3 көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін
қолдану
5.1.2.2 - амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі
амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу
4.2.1.7 төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
6-сынып,Математика
6-сыныптыңоқытумақсаттары
5-сыныптыңоқытумақсаттары
6.1.2.13 - таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау
- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
- бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.27 - ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
6.1.2.16 - рационал сандарды бөлуді орындау
5.1.2.23 - жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
- ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;
- ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану
7-сынып,Алгебра
7-сыныптыңоқытумақсаттары
6-сыныптыңоқытумақсаттары
7.1.2.4 - бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету
сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (𝑆 = 𝑝 ∙ 𝑟, мұндағы 𝑟 – іштей сызылған шеңбер радиусы, 𝑝 − көпбұрыштың жарты периметрi)
формуларын білу және қолдану;
8.1.3.3 - Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу;
көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу
9.1.3.6 - косинустар теоремасын білу және қолдану
8.1.3.7 - тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің
мәндерін қолдану
ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, сенбі күндері, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру.
Шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасы бойынша алдыңғы сыныпта қарастырылған келесі тақырыптарды қайталауға және бекітуге ерекше назар аудару ұсынылады:
сынып,«Математика»пәні:Сандармен амалдар орындау. Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Санды және әріпті өрнектер. Есептер және математикалық модель;
сынып, «Математика» пәні: Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Теңдеулерді шешу. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік. Аралас сандарды азайту. Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Ондық бөлшектерге
арифметикалық амалдар қолдану. Жиындардың бірігуі мен қиылысуы. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Мәтінді есептерді шығару. Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері;
сынып,«Алгебра»пәні:Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды азайту. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару.
сынып, «Алгебра» пәні: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Санның стандарт түрі. Көпмүшелерге амалдар қолдану. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
жүйесін графиктік тәсілмен шешу. у=ах2, у=ах3 және у = к
х
(k≠0) түріндегі
функциялар, олардың графиктері және қасиеттері. Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару. Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
сынып, «Алгебра» пәні: Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.Квадрат теңдеулерді шешу. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу. Рационал теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Квадрат теңсіздік. Рационал теңсіздік.
7-9-сыныптар,«Геометрия»пәні:тақырыптардың басым көпшілігі күрделі тақырыптарға жатады. Сондықтан барлық күрделі тақырыптарды қайталау ұсынылады.
кезең.Жұмыстыталдау (әроқутоқсаныныңсоңында)
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.