Пәннің міндеті: ғылыми және ақпаратты әдебиеттерді пайдалана білу, математикалық интуицияны дамыту, сапалы статистикалық зерттеулер жүргізу, ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыра білу.
Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: - математикалық анализ пәнін терең меңгеруі, пәнге аса қызығушылық тудыру, есептер шығаруға қажетті білім, білік, дағдыны қалыптастыра алуы, есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның пәрменділігін арттыруға қажетті әдісті қолдана білуі. математикалық анализ курсының есептерін шеше білу дағдысын қалыптастыру, есептер шешудің негізгі әдістерімен танысу, болашақ ғылыми қызметкердің біліктері, әдістері мен дағдысын қалыптастыру.
Пререквизиттер: Матрицалар, анықтауыштар, сызықтық теңдеу, түзудің жалпы теңдеуі, векторлар және оларға қолданылатын амалдар, материалдық нүктедегі түзу сызықты қозғалыс, масса, тығыздық, ауырлық центрі, туынды, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |